Жамбыл және Шу өңірінің ақындық мектебі
Қазақ әдебиеті бүгіндері өзінің даму кеңістігін кеңейтіп, тарихи желісін ұзартып, көшін толықтыруға бет алды. Бағытын жаңа заманға сай туралады. Егемендігіміз ұлттық рухани қазыналарымызды түгендеуге, рухани өмірімізді жаңғыртуға жол ашты.
Белгілі ғалым Тұрсынбек Кәкішев: «Көркем әдебиетті тек ұлы ақын, жазушылар ғана жасамайды. Оның ұлылы-кішілі, ірілі-уақты өкілдері болады. Әдебиет тарихи әр кезеңде, әдебиетке ат салысқан, оған өзінше аз да болса үлесін қосқан ақын-жазушыны ұмытпайды, ұмытуға тиісті емес», – деп дөп басып айтқан. Осы тұрғыдан келгенде, ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі әдебиетіміздің бір бұтасы болып өрбіген Әулиеата өңірінің бір топ халық ақындарының шығармашылық дәстүрі өзіне назар аудартады. Олардың ішінде Қылышбай Ержанұлы, Бармақ Мықамбайұлы, Орақбай Қабақұлы, Өзбек Ақжолұлы, Сауытбек Ұсаұлы секілді ақындардың шығармалары – қазақ әдебиетін өздерінің поэтикалық құндылықтарымен байыта түсетін мұра. Аталған ақындардың шығармалары «Шу өңірі саңлақтары» (1991 ж.), «Шу өңірі және ақындық дәстүр» (2005 ж.) тағы басқа жинақтарда, жеке басылымда жарияланған. Сондай-ақ Қазақ Ұлттық ғылым академиясының қорында сақталған.ХХ ғасырдың бас кезі – Шу өңірі ақындарының да әдебиетімізге ең бір асыл мұралар қосқан кезең болып табылады. Осы кезеңдегі Шу ақындары шығармашылығының сипаты жанр, тақырып, идеялық мазмұн, қоғамдық құбылыстарға көзқарас, поэтикалық көркемдік тағы басқа жақтардан өзіне дейінгі халық әдебиеті мұрасымен тамырласып, сол тұстағы жазба әдебиеті көтерген мәселелермен үндесіп, өзінен кейінгі ізбасарларына өнегелі өрнек қалдырды, мұралары заман шындығын ашуға бағытталды. Мысалы:
Патшаның зәлім законы,
Қараңғы түнек түн болды.
Ғаріпке қамқор біреу жоқ,
Жығылса қолдау, сүйеу жоқ,
Халқым-ау, қандай күн болды. – деп, Қылышбай Ресей отаршылдығының қазақ халқына батырған ауыр зардаптарын «қараңғы түнек түн» ретінде бейнелі суреттейді. Бұл – сол кездегі қоғамдық шындық еді. Ал Орақбай жырында айтылатын болыс-билердің зорлық, озбырлықтары да заман бейнесі, өмір көріністері. Ақын «Мұсақұл биге» өлеңінде бидің кедейлерге қиянаты мен әйелдеріне озбырлықтары сол дәуірдің суреттері ретінде беріледі:
Алып ең Хиуа мен екі қатын,
Бұзып ең қылығыңмен елдің салтын.
Ыза-қорлық әр сөзді айтқызады,
Көтеріп екі әйелің жатқызады.
Түзге шықсаң баладай көтереді,
Осы кесір өзіңді мерт қылады.
Жалшылар малдарыңды жүр ғой бағып,
Киім жоқ үсті-басы алба-жұлба,
Сол жетім жүрген жоқ па отың жағып.-деп сол заман бейнесін шынайы суреттейді.
Бүкіл әдебиетіміздің ұлттық сипаттары қай кезде болса да жеке ақындар шығармашылығында да өзіндік реңктермен көрініс тауып отыратыны сияқты. Шу бойы халық ақындарының мұраларының да ұлттық нақыштары қазақ әдебиетімен, оның ішінде өзінің географиялық орны жағынан іргелес жатқан ұлы Жамбылдың ақындық мектебі дәстүрлерімен өзектес болып келеді. Жамбылдың ақындық ортасына Шу бойы ақындары да өздерінің жырлаған тақырыптары, мазмұны мен түрі жағынан жақын тұрды.
Сүйінбай ақынның «Датқалар» деген өлеңінде отаршылдар тағайындаған ел билеушілеріне халықтың оларға көзқарасы тұрғысынан берген бағасын Жамбыл да түрлендіріп одан әрі дамытқанын байқауға болады. Сүйінбай:
Елге жақпас қылығы,
Бұл заманның ұлығы,
Параменен мал жиып,
Бойынан асқан былығы.
Оязға қайтсем жағам деп,
Үзілер болды жұлыны.
Өз елін өзі қарақтап,
Ебі келсе тамақтап,
Көр ақтарған қорқаудай
Датқалар жүр жалақтап, – деп, ұлықтардың оязға жағу үшін ардан, намыстан безіп, барын салып халқын қанаған жексұрындық жанталасын «үзілер болды жұлыны» деген ұлттық мәтелмен, «көр ақтарған қорқаудай» деген сұмдық суретпен елестетсе, Жамбыл «Әділдік керек халыққа» өлеңінде:
Иттей көрем төрені
Тамаққа тойса үретін...
Айтқандары өтірік –
Ұлыққа кім бар сенетін...
Көңілі қалды халықтың
Хан, төре, ұлық, тақсырдан.
Қысым жасап халыққа,
Әрі болды қанішер
Қойға тиген қасқырдай, – деп, елін қасқырдай талаған ұлықтарға халық жиіркенішін, оларға сенімнің жоқтығын айтады.
Ал, Орақбай жырында Сүйінбай мен Жамбылдың ел билеуші кейіпкерлеріндей ұлықтар билеген замандағы халықтың ызасын:
Нашардың қамын ойлайтын заман бар ма,
Бұл түнек толқын болды ұрған жарға.
Зарыңыз неге керек тыңдалмаса,
Бір адам таба алмадым паналарға.
Орақбай заманды түнекке, елдің мұң-зарын «толқынға» балай келіп, билеушілерді меңіреу жарға телиді.
Міне, үш буын ақын өлеңдері осылайша заман бейнесін өзара жақын ұғымдағы ортақ үндестікпен жасаған. Бұл – әдебиеттің заман бейнесін суреттеу қызметі, ол да өзіндік дәстүр.
Қоғамдық қайшылықтар мен әлеуметтік теңсіздіктерді халықтық салт-сана детальдарын қолдану арқылы беру, сыншылдық дәстүрді қолдану Сауытбек Ұсаұлы, Қылышбай Ержанұлы тағы басқа Шу өңірі ақындарынан да көрінеді. Мысалы, Қылышбай ақын:
Атқа батса алтын ер,
Алтынын алып отқа жақ – деп, ұнамсыздықтарды шенеуде ел аузында қалыптасқан оралымдарды өзінше өңдеп айтады. Халықтық мәтелде: «Атқа батса алтын ер, алып ұр да отқа жақ» болса, Қылышбай оны өзгертіңкіреп, алтынын алып алу керек деп дамыта отырып, терең мысқыл туындатады. Сауытбек Ұсаұлында халықтық салт-дәстүр, мінез-құлықты поэтикалық тәсіл ретінде қолдану шеберлігінің ұтымды тұстары тіпті мол. Сауытбек інісі Сыбанбекпен бір айтысып қалғанда, Сыбанбек:
Бөркімді қара бұйра киіп жүрсің,
Кигенмен көзің соқыр жараспайды, – деп түйреген. Сонда Сауытбек қазақтың үлкенді сыйлайтын дәстүрін әдемі қолданып, әсерлі әжуа жасайды:
Бетіме бір бөркіңді еттің салық,
Көріп пе ең бұдан артық аға сыйлап.
Бұл жерде Сауытбек кедей басындағы күйді тұспалдап, ащы өкінішпен берген. «Бетіме бір бөркіңді еттің салық» деген халық ұғымында ауыр сөз. Өлеңнің бүкіл салмағы осы бір жолға түсіп тұрғандай. Ол – ақынның заманға деген наласы, сыншылдықпен түйреген бір тұсы.
Зерттеушілер Жамбылдың ақындық мектебінің түлектері шоғырына Шу өңірі ақындарын да қосып қарастыруының бір себебі де осы сияқты сыншылдық дәстүр ортақтастығында болса керек.
Олардың өмірі, тұрмыс-тіршілігі, сондай-ақ ақындық өнері де әр түрлі еді... Шығармашылық мәнер-машықтары әр алуан осы ақындарды белгілі ақындық мектеп өнегесі өзара жақындастыра түседі. Олар Жамбылды өнеге тұтқан ақындық, жыраулық, шешендік ортадан, дәстүрлі халық әдебиетінен үйрене отырып, Жамбылдың өзінің ақындық өнерінен де рухани нәр азық тауып, өнеге алды, өздеріне дейінгі, өздері тұсындағы көркем сөз өнерінің өркен жайған өрісті дәстүрлерін жете игеру, шебер меңгеру арқылы ақындықтың небір асыл үлгілерін жасады. Бұл ретте Жамбылмен үзеңгілес жүрген Сауытбек, Орақбай, Қылышбай, Тілеміс, Өзбек, Әлмейін секілді ақындардың шығармашылық өнерін ерекше атауға болады.
Сол ақындық үрдіс бүгінгі күнге өркендеп жетіп, қазіргі таңда Әулиеатадан шыққан талантты ақындармен жалғасын тауып жатыр. Әулиеаталық ақындар поэзиясы қазақ әдебиетінде үлкен маңызға ие.
Сейсекүл Исматова, профессор
филология ғылымдарының кандидаты,
Жуалы ауданының Құрметті азаматы

Обсудить
Блок в статье:
Жамбыл және Шу өңірінің ақындық мектебі
31 январь 2025, Пятница
АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАН
31 январь 2025, Пятница
Ертегімен әлдиленген
31 январь 2025, Пятница
Похожие материалы:
Комментарии (0)