Тектіліктің тамыры
Отбасы – қоғамның ең кішкентай ұясы болғанымен, ұлттың рухани тірегі дәл осы шаңырақтан бастау алады. Әр әулеттің өзіне тән тәртібі, ұстанымы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрі болады. Сол дәстүрдің сақталуы – ұлттың тамырының үзілмегенінің белгісі.
Қазақы ортада отбасының тірегі тек әке ғана емес, әулеттің ақылшысы – ата. Ата – шаңырақтың шежіресі, тәртіптің тірегі, ұрпақтың бағыт-бағдарын айқындайтын тұлға. Оның сөзі – тоқтам, тәжірибесі – тағылым. Бір шаңырақтың астында бірнеше буын өмір сүргенде, сол буындардың арасын байланыстырып, бірлік пен берекені ұстап тұратын да – сол атаның парасаты.
Бүгінде бір үйде екі отбасы қатар өмір сүріп жатқан жағдайлар да аз емес. Мұндайда әулет ішіндегі тәртіп пен сыйластықтың маңызы тіпті арта түседі. Әр әке өз міндетін, өз жауапкершілігін анық сезініп, абыройын балалардың алдында төмендетпеуі керек. Әкенің қадірі әкенің сөзінен ғана емес, өзара сыйластықтан да көрінеді. Егер бала үлкендердің бір-бірін құрметтегенін көріп өссе, ол да ертең сол тәртіпті жалғастырады. Ал керісінше жағдайда, отбасы ішінде үлкендердің беделінің әлсіреуі ұрпақ тәрбиесіне де әсер етпей қоймайды.
Қазақ “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деп бекер айтпаған. Әке – тірек, ана – береке, ата – ақыл. Осылардың әрқайсысы өз орнында болғанда ғана шаңырақтың іргесі берік болады.
"Алып анадан туады", ал сол алыпты өсіретін – берік отбасы.
Жақында Нұрай есімді қызбен таныстық. Ол Бөкейхановтар әулетінің ұрпағы екен. Алаштың ардақтысы Әлихан Бөкейхановтың інісі Базылханның шөбересі. Әулеті тағдырдың айдауымен өткен ғасырда Шу бойына қоныс аударып, бүгінде сол өңірде өсіп-өніп жатқан жайы бар екен.
Әлиханның әкесі Нұрмұхамед Бөкейханов пен анасы Бегім Дулатқызының алты перзенті болған. Солардан тараған ұрпақтың басым бөлігі білім мен ғылым жолын таңдаған. Нұрай Нұралықызының айтуынша, бұл әулеттен 18 ғылым докторы, 8 ғылым кандидаты шығыпты. Олардың басым бөлігі медицина мен заң саласында еңбек етіп жүр.
Бөкейхановтар әулетінің ұрпақтары бүгінде Қазақстанның әр аймағында өмір сүріп жатыр. Олар даңқты бабаларының есімін ұлықтап, оның адал ісін насихаттауға өз үлестерін қосып келеді.
“Сұңқардан сұңқар туар саңқылдаған” деген сөз осындайда еріксіз еске түседі.
Осы орайда бізді таңдандырғаны – әйгілі Алаш көсемі Әлиханның анасы Бегім Дулатованың тегі болды. Бегім ана Шәкәрім Құдайбердіұлының анасымен апалы-сіңілі екен және сол заманға сай аса білімді қыздардың бірі болыпты.
Қыздың саналы, білімді, тәрбиелі болуы – бір әулеттің ғана емес, тұтас ұлттың бағын жағатын құбылыс. Бұл ретте әкенің рөлін, ер азаматтардың тәлімін жоққа шығарғым келмейді. Дегенмен білімді ерді тәрбиелейтін де – білімді ана. Қазақ “Алып анадан туады” деп бекер айтпаған.
Әже тәрбиесі, отбасылық иерархияның бұзылмауы, берік отбасылық институттың сақталуы – әулеттің ғана емес, ұлттың тұрақтылығының кепілі. Қыздарға көп талап айтылатыны да содан. Бұл талап – қызды қорлау үшін емес, оны ұлт айнасы деп қорғау үшін қойылатын талап. Тек оны асыра сілтеп жібермеу керектігін де ұмытпаған жөн.
Ал Нұрай қыздың бойынан тектіліктің бар белгісін көргендей болдым. Жас, ынталы, арлы, жарық жан. Әулетінің рухани мұрасын сезінетін, соған лайық болуға талпынып жүргені байқалады. Лайым, сәттілік серігі болсын дегім келеді.
Кей дүниелерді біз сөзбен толық жеткізе алмаймыз. Бірақ Алла бақ дарытып, әруақ қолдап, тылсым қуаттап тұратын сәттерді адам кейде ішкі түйсікпен ғана сезеді. Ғаламның жұмбағы да сол шығар. Көзіміздің нұры, шырағы сөнбесін.
Назым ҚОЖАМАР,
Ш. Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы “Дәстүр және өнер” бөлімінің меңгерушісі,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)