Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Бүгінгі қазақ әйелінің әлемі

Бүгінгі қазақ әйелінің әлемі

09 апрель 2026, Четверг
5
0
«Жаман әйел болмайды, біз оны қолдан жасаймыз» деген ой Дулат Исабековтің «Өкпек жолаушы» повесінен алынған салмақты тұжырым. Бұл – бір ғана кейіпкердің пікірі емес, тұтас қоғамға қарата айтылған сөз. Әйелдің болмысы табиғаттан, ал оның тағдыры ортадан  қалыптасатынын меңзейтін ащы шындық бар мұнда.
Білігі асса – билікте, өнері асса – бәйгеде ерлермен терезесі тең қызмет атқарып жүрген қазақ әйелінің бүгінгі бейнесі даңқты жазушының қаламына не себептен ілікті екен?! Бір отбасының ғана емес, тұтас ұлттың көркі саналатын қыз баланың қазіргі келбеті қаламгер көңіліне қаяу түсірді ме? Әлде ол қоғамның әйелге қоятын талабын қайта таразылауды қалады ма? Өйткені әйелдің әлсіреуі – ұлттың әлсіреуі, әйелдің асқақтауы – елдің еңсе тіктеуі.
Көшпенді мінезге ие қазақ қызы қашан да еркін әрі нәзік болды. Даланың кеңдігінен дарқандықты, желінің өтінен төзімділікті үйренді. Орны – отбасы, ошақ қасы десек те, тарих оның тек үй аясымен шектелмегенін  дәлелдейді. Екі жарым мың жыл бұрын елін қорғаған Томирис пен Заринаның батырлығы – соның айғағы. Ал бүтін елдің бірлігіне бәтуалы сөз айтқан Домалақ ана даналығы – әйел парасатының биік үлгісі.
Бұл – қазақ әйелінің тарихтағы бейнесі. Ал бүгін ше?
Бүгінгі қазақ әйелі – жаһандану дәуірінің қақ ортасында. Бір қолымен бесігін тербетіп, екінші қолына гаджетін ұстаған ана – уақыт талабына бейімделген  жаңа тұлға. Ол – ұстаз, дәрігер, кәсіпкер, ғалым, депутат. Ол – отбасының ұйытқысы ғана емес, қоғамдық пікір қалыптастырушы күш. Нәзіктік пен батылдық, мейірім мен менеджмент, сабыр мен серпін – бір бойынан табылатын  қасиеттер.
Алайда заманауи мүмкіндіктермен қатар жаңа сынақтар да келді. Әлеуметтік желідегі жасанды «мінсіздік», тұтынушылық психология, сыртқы келбетке шектен тыс талап – әйелдің табиғи болмысын көлеңкелеп бара жатқандай. Осындай сәтте «жаман әйел болмайды» деген сөздің салмағы арта түседі. Қоғам қыз баланы қалай тәрбиелейді? Қандай құндылық ұсынады? Қандай өлшеммен бағалайды? Мәселе – осында.
Заманауи әйел – өткен мен болашақтың, аймақ пен әлемнің, ішкі дүние мен сыртқы шындықтың арасындағы алтын көпір. Қолына қамшысын иірген кешегі батыр қыздың рухы мен бүгінгі білімді, парасатты көшбасшының қасиетін тоғыстыра алатын қазақ келіншегі –
Өткеннің сақтаушысы,
Бүгіннің көшбасшысы,
Болашақтың сәулетшісі!
Ұлттың сапасы – әйелдің сапасымен өлшенеді. Себебі әрбір ұлы тұлға – ананың әлдиімен өседі, тәрбиесімен қалыптасады.  Демек, әйелді құрметтеу – болашақты құрметтеу. Әйелді қолдау – болашаққа даңғыл жол ашу. 
Ендеше, бүгінгі мереке – жай ғана гүл мен жылы сөздің күні емес. Бұл – жауапкершілікті еске салатын күн. Қыз баланың арын, білімін, еркіндігін, болмысын қорғау – баршамызға ортақ міндет.
Мереке құтты болсын, құрметті арулар! Сіздер – шаңырақтың шырағы ғана емес, ұлт рухының тірегісіздер!
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры