Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » "Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым"

"Жамбыл менің жай атым, Халық менің шын атым"

08 апрель 2026, Среда
5
0
Тараз қаласында Абай атындағы орталық кітапхана ұжымы мен Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығының қолдауымен қазақ халқының ұлы ақыны, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың шығармашылығына арналған "Жамбыл менің жай атым, халық – менің шын атым" атты поэзия кеші зор шабытпен аталып өтті. 

Атаулы шараға ардагерлер, оқырмандар, колледж тәлімгерлері қатысты. 
Жамбыл бір ғасыр ғұмыр кешіп, халықтың мұңын да, қуанышын да жырына қосқан дара тұлға. ол – халықтың үні, елдің жүрегі. Жастайынан домбыраға әуес болып, Сүйінбай Аронұлының батасын алған. Оның жырлары – әділдік пен елдікке, ерлік пен бірлікке үндеген асыл мұра. 
Рухани кеш жыр алыбы – Жамбылдың мол мұрасын дәріптеуге арналды. Сахна төріне шыққан обылстық айтыскер ақындар, жыршы-термеші орталығының ғылыми қызметкері Дидар Аппасов шабыт пен сезімді серік еткен, жүрек тербетер жырын, көңіл толқытқан арнауын көпшілікке ұсынды. 
Келесі кезекте Б.Бұлтанқұлова мен С.Есжнова "Жырдан шашу" айдарымен жыр алыбы Жамбылдың даналық пен тағылымға толы асыл мұрасын, жүрекке жетер жыр жолдарын мәнерлеп оқып, көрермендерің ыстық ықыласына бөленді.  
 Сахна төрінде жүректен шыққан жыр, шабыттан туған шынайы арнау шырқалды. Бұл жыр – ел мен жерге деген сүйіспеншіліктің, ақынға деген құрметтің, рухани сабақтастықтың көрінісі. "Алатаудан, Арқадан ақындарым келіпсің" атты әсерлі арнауды Бекарыс Көштаев келістіре орындады. 
Ұлттық өнердің мәйегін сақтап, терме арқылы тағылым мен тәрбие тартқан дәстүрлі өнердің өкілі, жыршы облыстық айтыскер ақындар, жыршы-тершілер орталығының үйірме жетеккшісі Сәрсен Әбілқайыр күмбірлеген домбыраның қоңыр үнімен жүрекке жетер терме арқылы өзінің талғамды өнерін көрсетіп, залда отырғандардың зор ілтипатына бөленді. 
Кеш соңында Жамбыл шығармаларына арналған "Жүр дүлділі" атты кітап көрмесі таныстырылды. 
Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Сауранбек Жамбалбеков көпшілікке, өнер көрсеткен жыршы-термешілерге, жастарға ақ батасын берді. 
Орталық кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева іс-шараға атсалысқан өнерпаздарға, ардагерлер мен қатысып отырған жастарға алғыс сезімін білдірді.

Баймұрат ЖАҚСЫБАЕВ, 
Тараз қалалық
ардагерлер кеңесі тұрақты комиссиясының төрағасы
Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры 09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын 09 апрель 2026, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры