Төріне дүние емес кітап жиған қайраткер
Құдайға құлшылық қылып, Алла тағалаға мінәжат ететін жарықтық Димекең кітапты өте көп оқыған, кітап жинаған жан-жақты білімді ғұлама ғалым (академик) еді. Димекеңнің артында қалдырған бар байлығы - құнды мұрасы үш мыңға жететін кітаптары. Үш бөлмелі үйінің бір үлкен бөлмесі - еденнен төбеге дейін тірелген кітап, төрт қабырғаны түгел алған кітап сөрелері бір ғажайып кітапхананы елестетеді. Жалтыраған әйнек сөрелердің ішіндегі кітаптарда есеп жоқ.
Көктен түскен төрт кітаптың бірі – қасиетті Құранның түр-түрі бар. Мұсылман елдеріне іссапар кезінде Мысырдан, Сириядан, тағы да басқа ислам мемлекеттерінен әкелген Құран кітаптары алтындалған қағазға басылған. Бұл кітап Пайғамбар мұғжизалары екенін көзге көрсетіп тұрғандай. Әр жылдары, әр замандарда басылған қасиетті Құранның алуан түріне қарап, кітапхана иесінің дінді құрметтеп, Пайғамбарды ұлықтап, реті келген сәттерде Құдайға құлшылық еткенін сезесіз. Кітапхананың қазіргі иесі – Димекеңнің немере інісі Дияр Қонаев: «Кейде жұма күндері Димекең үнсіз, жалғыз өзі ішінен құран оқып отыратын. Нәпіл ғибадаттарын жасайтын еді», – деп еске алады. Димекеңе кезінде Халифа Алтай, Рәтбек қажы сыйлаған Құран кітаптары кітапхананың ең ыңғайлы, алуға оңай жерінде жарқырап көрінеді. Димекең Құранның түпнұсқа арабшасын да, қазақша аудармаларын да оқитын. Өйткені бала кезінде мешіт жанында молдадан сауат ашып, «Әптиекті» тауысқаны белгілі. Халифа Алтаймен дін жайында ұзақ отырып әңгімелесіп, сырласа сұхбаттасқаны жұртқа аян.
Димекең кітапханасында Құран кітаптың өзге тілдерге аударылған сирек нұсқалары болатын. Әсіресе Нью Йоркте 1979 жылы орыс тілінде шыққан Құран кітаптың жөні бөлек. Атеистік саясат кезінде шетелге шыққан бір іссапарында Димекең бұл Құранды Еуропа елдерінің бірінен сатып алады. «К-359» деп жеке тіркеу кітабына нөмірі жазылған Құран И.Крачковскийдің аудармасы бойынша АҚШ-та басылған.
Димекең естелігінде жұбайы Зухра Шәріпқызының Араб елдеріне барғанда Құран кітаптарын іздеп жүріп, сатып алатыны жөнінде еске алатыны бар. Кітапханадағы оншақты Құран кітабының біразы Зухра апаның «меншігі» болған ғой. Димекеңнің діндарлығына байланысты бұл жерде мына бір ғибратты оқиғаны айта кету парыз. Елу жыл, алты ай, екі күн, яғни жарты ғасыр бірге тату-тәтті өмір сүрген Зухра апа дүние салғанда, Димекең «таяқ таянып» жоқтайды. Аруақ рухына арнап, кейде құранды өзі оқиды.
Сөрелерде самсап тұрған кітаптар алфавит реті бойынша тізімделіп, түгелдей тіркелген. Тіркеу кітабында бірінші болып Абай атамыздың қазақ тілінде жарық көрген толық шығармалары тұр. Содан соң ұлы жазушы Әуезовтің көп томдық кітаптары жалғасады. Аты-жөндері «А»-дан келетін тағы да басқа қазақ жазушыларының еңбектері реттік санымен кете береді. Димекең кітапханасының «кітапханашысы» Зухра апаның өзі болған ғой. Өйткені барлық кітаптарды өзі тіркеп, сөрелерге өзі реттеп қойып отырған.
Кітапханада сонау ықылым антика заманы әдебиеттерінен бастап, орта ғасыр классиктерінің шығармалары, XVIII-XIX ғасыр әдебиетінің әлемдік алыптарының, Америка, Еуропа, Азия және Африка ақын-жазушыларының еңбектері тізіледі. Ежелгі Грек, Рим, Қытай ақын-жазушылары мен философтары, суретшілері мен мүсіншілері және саяхатшыларының кітапханада кітаптары емес, тірі бейнелері қатталғандай елестейді. Өйткені өте көркем безендірілген, айшықты суреттермен өрнектелген сирек кітаптар өте тартымды. Өзіміздің Абай мен Әуезовтен басталатын алыптардың кітаптары да қойылған. Сөреде Америка, Франция, орыс, араб, неміс, жапон тағы да басқа халықтардың рухани әлеміндегі құндылықтары көз алдыңыздан өтеді.
Димекең кітапханасында Шекспир, Данте, Толстой, Тургенов, Джек Лондон, Гете, Гейне, Чехов, Тагор, Луи Арагон, Пушкин, Байрон, Гомер, Фердауси т.б. алыптардың шығармалары мен әр халықтың ауыз әдебиетінің озық үлгілері сақталған.
Академик Қонаев әлем әдебиетінен мол хабары бар, рухани жағынан бай, ғұлама болғанын жоғарыдағы ұлылар еңбегі дәлелдеп тұр. Ғұлама Димекең шетелдерге шыққанда, сол елдің тарихын, мәдениетін және әдебиетін терең біліп, әбден оқып-тоқып баратын болған.
Димекең студент кезінде өлең жазған. Мәскеуде оқып жүргенде қолынан кітап түспейді екен. Алматыда 70-ші жылдардың басында Димекеңнің тікелей ықпалымен Азия, Африка елдері ақын-жазушыларының халықаралық мәслихаты өтті. Ақын-жазушылардың әлемдік жиынының Қазақстанда өтуі маңызды оқиға ретінде тарихта жазылып қалды.
Қонаев тек әдебиет әлемінде ғана емес, өзінің мамандығы бойынша да (тау-кен инженері) теңдесі жоқ ғажайып білімді адам болған. Кітапханадағы ғылымның әр саласы бойынша шыққан энциклопедия мен анықтамалықтар бір төбе. Дін, философия, саясат, заң, медицина, тарих, өнер саласы бойынша тізілген энциклопедиялардың өзі бір төбе. Ал сөздіктер тіпті көп. Сөздіктер мен энциклопедиялық анықтамаларды қажет кезінде үнемі қарап отырған.
Белгілі жазушы Сәбит Досанов бірде Димекеңнің кабинетіне кіргенде, үстелінің үстінде жатқан әйгілі ақын-жазушылардың кітабын көреді. Соған қарағанда, Димекең қазақ жазушыларының шығармашылық ізденістері мен табыстарын біліп отырған. Алматыда жазушылардың съездері өткенде, Димекең оған қатысып, төрде таудай болып отыратын еді.
Димекең кітапханасындағы кітаптардың біразы – ол кісіге қолтаңба жазып берген белгілі ақын-жазушылардың таңдамалы шығармалары. Олардың ішінде: Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Әбділдә Тәжібаев, Олжас Сүлейменов, Әзілхан Нұршайықов және Шыңғыс Айтматов, т.б. бар. Кезіндегі Леонид Брежнев пен қазіргі Нұрсұлтан Назарбаев та жаңа шыққан кітабына қолтаңба жазып, жақсы тілек тілеген.
Жетпісінші жылдардың ортасында Кеңес Одағында дүрбелең, дау-дамай тудырып, әлемді шулатқан Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я» кітабы жөнінде дүние жүзі білді. Олжекең осы кітабына былай деп қазақша қолтаңба жазып: «Құрметті Димекеңе, ұлы адамға, коммунист азаматқа. Шын жүректен. 24 шілде 1975 жыл», – деп қол қояды. Қолтаңба кітапқа ұлтшылдық айыбы тағылмай тұрғанда жазылған.
Ораз ҚАУҒАБАЙ,
жазушы, қонаевтанушы

Обсудить
Блок в статье:
Тектіліктің тамыры
09 апрель 2026, Четверг
Көкпарға құмарлық бізге әкемізден дарыған
09 апрель 2026, Четверг
Күн туды ескі жұртқа жаңаратын
09 апрель 2026, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)