БАБАДАН ҚАЛҒАН БАҚ МЕКЕН...
Төңкерістің топырағы киелі, тарихы терең ауыл болғанын ұмытуға болмайды!
Биыл Жамбыл облысының құрылғанына 85 жыл толады. Жамбыл Жабаевтың есімін иеленген қасиетті өңір талай-талай қиын кезеңдерді, ел мен қасиетті Отан тарихына, елдің тұрмыс-тіршілігіне, жаңа заманның тынысына қатысты маңызды оқиғаларды бастан өткергені анық. Бүгінде Жамбыл облысының құрамында 10 аудан, 3 шағын қала және облыс орталығы саналатын тарихы терең, ертеңі кенен – Тараз қаласы бар.
Әулиеата өңірінің даму белестері мен өсіп-өркендеу тарихында оның құрамындағы жұлдызы биік Жуалы ауданының да өзіндік үлесі бар деп толық сеніммен айта аламыз.

Елдің басына күн туған небір қиын-қыстау кезеңдерде қол бастап, ел қорғаған батырлар мен жұлдызы биік генералдарды және ел дамуында ойып орын алатын даңқты тұлғаларды түлетіп, қияға қанат қақтырған қасиетті өңір осынау даңқымен-ақ былайғы жұртшылыққа кеңінен мәлім. Жуалы ауданының тарихынан жұртшылықтың есінде және халықтың жадында қаһармандығымен аты қалған бірегей тұлға, даңқты қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының есімі ойып тұрып орын алары анық.
Жуалы ауданының құрамындағы ауылдардың қай-қайсысын алып қарайтын болсақ та, өңір мен ел дамуында өзіндік орны бар. Ал қасиетті өңірдегі Күреңбел ауылдық округіне қарасты бұрынғы Төңкеріс ауылы – осынау киелі топырақта өсіп-өнген азаматтарымен мақтана алады. Бұрынғы Төңкеріс ауылы қазір Күреңбел ауылына қосылған. Төңкеріс – елімізге есім-сойы белгілі, батырлығы мен даналығы алысқа тараған қалмақ-жоңғар шапқыншылығында қол бастаған батыр, Ұлы жүз Төле бидің жиеншары Рысбек батыр Шінетұлы және ел бірлігін сақтауға, жастардың білімі мен имандылығын жетілдіруге, жалпы елдің ел болып қалыптасуына елулі үлес қосқан, қасиетті өңірдің әр аймағында мешіт-медресе салдырып, елді егін салуға, отырықшылыққа үндеп, оңтүстік өңірде тоған-каналдар қаздырған Батырбек датқа Рысбекұлы, одан кейін сондағы ел тізгінін қолға алған (Батырбек баба ұрпақтары) Ыса және Белқожа сынды болыстар шыққан қасиетті ауыл.
Қазір Күреңбел аймағында Батырбек датқа Рысбекұлының сүйегі қойылған саздың дәл ортасында еңселі кесене және аудан орталығы Б.Момышұлы ауылының бас қақпасының жанынан баба ескерткіші бой көтерген.
Төңкерісті іргесі берік, қаймағы бұзылмаған елді мекен дейтін болсақ, сол ауылда ұжымшар құруға, кейіннен оның іргелі шарушылыққа айналуына және ауыл-аймақтың өркендеуіне белсене атсалысқан атпал азаматтар мен қазыналы қариялардың көп болғаны белгілі. Олардың көш басында – Нағашыбек, Саудабай, Сабыр, Сенбек, Жолтан, Әбдікерім, Мейіртан, Дәулет, Құрақбай, Бүтінбай, Мұқым, Өтеген, Қандашбек, Әбдірайым, Мұғал, Тұрған, Тәш, Орынбай, Парман, Махан, Базарбай, Мүсілім, Рүстембек, Сейдаш, Мәдеш, Жамалбек, Жолдасбек, Құрманәлі, Жұмабек, Тұяқ, Наралы, Шералы, Жұматай, Шәріп, Кемел және Шерхан сияқты еңбекқор да қазыналы қариялар тұр. Міне, есімі аталған қариялардың адал еңбектерінің арқасында «Төңкеріс» ұжымшары кезінде аудандағы алдыңғы қатарлы шарушылыққа айналды.
Халқымыздың тарихынан төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысының елеулі орын алатыны белгілі. Соғыстың аяқталғанына биыл 79 жыл өтсе де соғыс салған жара әлі де жазыла қойған жоқ. Елдің басына қиын күн туған сын сағатта Ұлы Отан соғысына Төңкеріс ауылынан да «елім, жерім» деп еңіреген бірнеше ондаған азаматтар аттанды. Дәлірек айтқанда, майданға ауылдағы әрбір үйден екі-үш азаматтан алынып, олар әскер қатарында бола жүріп, ел қорғауға аянбай үлес қосты. Жаналыс, жанберіс сұм соғыстан санаулылары ғана аман-есен елге оралды. Олар – Мәжен Қозыбеков, Мейірбек Қандашбеков және Әбдірембай ақсақал. Олар соғыстан кейін де ұзақ жылдар Төңкеріс ауылында аянбай еңбек етті. Соғыстан қайтпай қалғандардың қатарында – Зұлпыхар Серғазиев, Наралы Жолдасбеков, Шералы Құрманалиев, Байдуан Андасбеков бар. Олардың жұбайлары жесір қалды. Басқасын айтпағанда, менің анам Седепкүл Мырзалықызы 27 жасында ерінен айы-рылып, одан қалған екі баланы тәрбиелеп өсіріп, азамат қатарына қосты. Иә, ерлері соғыста қайтыс болған әйел-аналар тылда еңбек ете жүріп, өте ауыр күндерді бастан өткерді. Ауылда жетім қалған балалардың да жағдайлары мәз болған жоқ...
Ауыл өмірінде мектеп үйінің үлкен маңызды рөл атқаратыны белгілі. Сонау ұжымдастыру кезінде ауылда Төңкеріс бастауыш мектебі ашылған болатын. Бұл мектептің тарихы тереңде жатыр. Әрі бұл қасиетті шаңырақтан бірқатар тұлғалы аза-маттардың да оқып, қияға қанат қаққанын баса айтқым келіп отыр. Төңкеріс бастауыш мектебін бітіргендердің қатарында – Сәрсенбек Есмұратов, Әбзелбек Жапаров, Ысқақ Жарылқасынов, Асубай Қозыбеков, Арапбай Қозыбеков, Өскенбай Мұғалов, Мекемтас Нағашыбеков, Дүйсеналы Наралиев, Мелдеш Жұманов, Сатылған Маханов, Әбдіранбай Сатылған, Серкебай Момышев және Мырзакерім Тұрлықұлов жоғары оқу орындарында білім алып, еліміздің әр өңірінде адал еңбек етті.
Төңкеріс бастауыш мектебін бітірген түлектердің қатарында Мақсатбек Алтынбеков – өзінің Отан алдындағы азаматтық борышын Ауған жерінде өтеп, сондағы соғысқа қатысып, елге аман-есен оралған ардагер азаматтың бірі. Аталған мектепті үздік бітірген Сәкен Құрманалиев бірнеше жыл Қазақстанның ішкі істер органдарында үлгілі де жемісті қызмет атқарып, қазір отставкадағы полиция подполковнигі. Ал Талғат Парманов поли-ция полковнигі дәрежесінде ішкі істер министрлігінде абыройлы еңбек ету үстінде.
«Туған жер – тұғырың, туған ел – қыдырың» деген ұлағатты сөз бар. Күреңбел ауылдық округіне қарасты Төңкеріс ауылы – менің де туған ауылым, кіндік қаным тамып, жалынды жастық шағым өткен жер. Ол аймақтағы Бүтінбай бұлағы, Теріс өзені, Кедейсаз, Датқасаз, Ұзынбұлақ және Құрсай – барлығы менің бала кезде басып өткен жерлерім. 15-16 жастағы балалар жазғы демалыс кезінде ұжымшар жұмыстарына көмектесетінбіз. Жаздыкүні шөп таситын арбашыларға уақтылы түскі астарын апа-рып тұрдық. Ат тырма тартып, арбамен жұмысшы әйел, қыз-келіншектерді шөмеле салуға және қант қызылшасының арам шөбін отауға және суғаруға тасыдым. Туған ағам Дүйсеннің орнына жұмысқа шығып, колхоздың сиыры мен жылқыларын баққан кездерім де болды. 9 сыныпты бітірген жылы жазғы каникулға шыққанда Мойынқұмдағы Жуалының малы қыстайтын жайлауға шөп дайындауға барғаным әлі есімде...
Төңкеріс бастауыш мектебінде менімен бірге замандас, құрбы-құрдастар оқыды. Олар – Мекембай Нағашыбеков, Қияқ Көмекбаев, Жетпіс Көпбаев, Расылхан Сыдықов, Мырзакерім Тұрлықұлов, Сейсен Сарманов, Оңғар Абылаев, Батырбай Базарбаев, ал құрбы қыздардан – Күлпан Мұғалова, Тұрсынкүл Әбдіренбай, Мамыркүл Қуанышбек, Базаркүл Парманова, Әсет Жапарова және Райхан Жаңышева бар. Ауылдағы бастауыш мектепте бізді Найзабай Қылышбаев, Сағынбек Есентаев, Ахметжан Кемпіреков, Ізігүл Кемпірекова және Әмірхан Бейсенбаев оқытып, сабақ берумен қатар, өмірлік үлгі-өнегелерін де бойымызға сіңірді. Олар бізді адамгершілік-ке және бауырмалдыққа тәрбиеледі. Біз де мектепте тәлім-тәрбие берген ұстаздарды өте қатты құрметтеп, сыйлайтынбыз. Ол кісілер сабақтан тыс уақытта көшеде қарсы жолыққанда бас киімімізді алып, иіліп сәлем беретінбіз. Ал, апта аяқталып, сабақтан тыс демалыс күндері ұстаздардың көзіне түспеуге тырысатынбыз...
Мына бір оқиға менің әлі есімде. Анам Седепкүл мені мектепке жетектеп бірінші сыныпқа әкелген кезде мұғалім Ахметжан Кемпіреков ағайға: «Баламның сүйегі менікі, еті Сіздікі. Тәрбиелі азамат етіп шығарарсыздар деп үміттенемін. Мен сонда ғана Сіздерге риза боламын!», – деді. Марқұм анамның қатал мінезінің арқасында және ұстаздардың тәлім-тәрбие беруімен мектепте білім алып, кейіннен азамат қатарына қосылдым. Жарты ғасырға жуық уақыттағы еңбек жолымда саналы шәкірт тәрбиелеп, туған өңірдің дамуына адал еңбек еттім деп ойлаймын.
Ауыл өмірі, ауылдың тыныс-тіршілігі маған бала кезден етене таныс. Төңкеріс бастауыш мектебі – сол ауылдағы тарихы терең, табалдырығы киелі білім ошағы саналады. Білім саласына жауапты басшылардың аталған мектептің жұмысын тоқтатып, білім мекемесін белгісіз себептермен жауып тастағаны меніңше дұрыс шешім болған жоқ. Ел дамуына, қасиетті Жуалы өңірінің өсіп-өркендеуіне өздерінің қомақты үлесін қосқан талай тұлғалы азаматтарды оқытып, тәрбие берген Төңкеріс бастауыш мектебін қайтадан ашуға күш салу керек. Онымен қоса, ескі мектептің орнына жаңа ғимарат салып, жанынан балабақшамен қатар, шағын ауыл музейін жасақтаса артық етпейді. Мектеп ғимаратының алдына бұрынғы Төңкеріс ұжымшарында еңбегі сіңген қариялардың, одан бөлек, Төңкеріс бастауыш мектебін бітіріп, Қазақстанға еңбек сіңірген түлектердің де аллеясын ашу керек деген ұсынысым бар.
Осы тұста ауыл мектебін қайта ашып, бұрын үзіліп қалған қалған оқу-тәрбие үдерісінің қайта жалғануына тілектес азаматтың бірі екенімді аудан басшылығына жеткізгім келіп отыр. Олай дейтінім, бұрынғы Төңкеріс ауылы мен ауылдық округтің орталығы Күреңбел ауылының арасы бес-алты шақырымды құрайды. Әсіресе, қыс мезгіліндегі жауын-шашын мен боранды күндері мектепке қатынап оқу балаларға едәуір қиындық тудырады.

Сөзімді қорыта келе айтарым, туып-өскен жердің қасиетті топырағы, тасы мен құмын, сай-саласы мен өзен-көлін, сылдырап аққан бұлақтарын ұмытуға әсте болмайды. Жуалыдағы Күреңбел, Төңкеріс өңірінің батысында әйгілі Құлантауы, ондағы Бөкей шыңы, бәрі-бәрі маған да ыстық. Өмірге мұқалмас жігер мен талап беріп, талмас қанат сыйлаған туған жер мен туған ауылым, бабадан қалған бақ мекен екенін барлығымыз ұмытпауға тиіспіз! Ауылды қолдап, оған қамқорлық көрсетсек, бабалар рухы да бізді қолдап-қорғайтыны анық...
Тілеуқабыл НАРАЛИЕВ,
ардагер ұстаз,
Жуалы ауданның Құрметті азаматы
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)