АҚЫН ТУҒАН ӨҢІРДІҢ АТАУЫНДА НЕ СЫР БАР?
Дүйім Түркі әлемінің данагөй ақыны, жырау, «ХХ ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың есімі жалпақ жұртқа мәлім. Ақиық ақын Мойынқұм ауданының Жамбыл тауында дүниеге келіп, Жамбыл есімін алуының өзі біз үшін үлкен мақтаныш. Төкпе ақынға дейінгі «Жамбыл» атауы қайдан шықты, нендей мағына береді, сондай-ақ, батыр Жамбыл жөніндегі әпсана қайда жетелейді? Бүгін мен газет бетінде өлкетанушы, әр жайда зерттеп-зерделеп жүрген азамат ретінде осы сұрақтар төңірегінде өздеріңізбен ой бөліссем деп едім, оқырман қауым.
ӘУЕЛІ «ЖАМБЫЛ» СӨЗІНІҢ МАҒЫНАЛАРЫ ХАҚЫНДА
Жамбыл - ертеден келе жатқан түркітілдестердің, оның ішінде қазақ тілінің сөздік қорындағы сөз. Ертеректе Жамбыл тауы аумағында қаптап өсетін гүлдің («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі») атауы. Ерте көктемде бәйшешектен кейін шығатын шаңқай қоңыр түсті гүл. Шілдеде қурап, ұшып кететін болған.
Жамбыл сөзі – қоршау, қорған, бекініс деген мағынаны да білдіреді. («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», «Дайк – пресс» баспасы, 2018 жыл).
Жамбыл тауы санғасыр бойы жаудың өтінде болғаны тарихтан белгілі. Тау – қорған, қалқа, бекініске де қолайлы болғаны хақ. Жауынан шегініс жасап қорғануға, сәті келгенде жер жайын жақсы білетін жергілікті жауынгерлер үшін қарсыласын қоршауға алуға да ыңғайлы, бітімі бөлек тау.
Жамбыл – кейбір деректерде жамбы сөзінің нұсқасы делінеді. Жамбы – әртүрлі кәліпте тай, тайынша, қой тұяғындай құйылған салмағы әрқалай ақша орнына жүрген таза алтын, күміс, тағы да бағалы заттардың ілуі.
Арысы – Арқа, берісі Жетісу, шығысы – Алатау, түстігі – Түркістан – Қаратау, діңгегі - Моғолстан (Моңғол емес) өңірінің сарбаз - сардарлары болып, осы тауға жиналып, жаттығу жасап,түрлі әскери сайыстарын өткізетін болған, бұрынғылардың айтуында. Таудың Қоңырат, Бүркітшоқы, Аймаханның қызылшоқысы биіктерінде жамбы атысып, құз - сайларында бекініс жасап – ұрыстар үрдісінде жаттыққан.
Ат үстінде жамбы ату – сайыс өнерінің ең өрелісі, сайыс түрінің саңлағы саналған. Жамбы ату ойынын көшпелі халқымыз жауынгерлердің мергендік қабілетін жетілдіру үшін пайдаланған. Сыналған саңлақ садақшылардан арнайы жасақ құрып, соғыс кезінде күштік құрылым жасақталған. Осы негізде қарағанда жамбы атудың жауынгелік шеберлікті дамытудағы өрелі өнер екендігі даусыз. Мысалы, «Қобыланды» жырында Аймақ дейтін хан ай астына бақан орнатып, оған алтын жамбы іліп, оны атып түсірген адамға қызын бермек болып, жар салады.Осы хабарды естіген жас батыр Қобыланды ай астындағы теңгені атып түсіріп, Құртқа сұлуды алып қашпаушы ма еді... Міне, осыдан – ақ қазақтың жамбы атуды қалай бағалағаны көрініп тұр емес пе...
БАТЫР ЖАМБЫЛ ЖАЙЫНДА НЕ БІЛЕМІЗ?
Мен 1991 жылы танымал жазушы жерлесіміз Оспанәлі Иманәлиевпен Жамбыл тауының тарихи жерлерін бірге аралап, жолсерігі болдым. Әңгіме кезегін Жамбыл тауына, оның «Жамбыл» атауы тарихына ынтызар болған, көнекөздерден естіген-білгені,көңілге түйгені бар жазушыға берейін:
– Осы таудың етегінде 1846 жылы жыр алыбы Жамбылдың дүниеге келгені аян. Ал, осы тауға есімі ие болатындай Жамбылымыз кім еді? Енді оқырман қауымға азды-көпті түсінік берейін. Мен бұл жайлы ауыздан - ауызға тарап,аңызға айналған әңгімелерді жергілікті қарттардан күні кешеге дейін зердеме құйып келген едім. Ал, көнекөз қариялардың көбі мәңгілік жайларына кетіп қалды.
Жамбыл Ерназарұлы 1770 жылдар шамасында туып, 1847 жылдары қайтыс болған. Руы – Ыстының Ойығы, оның Қызылқұрт атасынан. Ол кезде Ойық Созақ маңын, Сыр бойын, Шаян өңірін мекендеген көшпелі ел тұғын.
Есейе келе Жамбыл туыстарымен араздасып осы тауды паналаған. Өкпе-наздың өзіндік мәні бар еді. Жамбылдың Биғара деген інісі көкпаршы екен. Әлі үйлене қоймаған жас жігіт бір тойда көкпарға кіреді. Қазақтың маңдайына біткен бірегей ұлттық ойынына ер адам қызықпай қоймайтын. Сол көкпарда Биғара доданың астына түсіп қалады. Нөпір ат тұяғы жас жігіттің қайта көтерілуіне мүмкіндік бермей біржола таптап кетеді.
Қайсар мінезді, намысшыл батыр Жамбыл осы жауапты-ау дегендерден қоймай жүріп інісі Биғараның құнын алады. Осыдан кейін ел арасында күңкіл көбейіп, наразылықтың ұшығы көріне бастайды. Ағайынның пыш-пыштаған өкпе-назын көтере алмаған Жамбыл бір түнде көшіп кетіпті...
Батырдың отызға жете қоймаған шағы болса керек, маңайына ержүрек жігіттер шоғырланып,тобын ауқымдай бастайды. Ол тауда қарап жатпай кедей - кепшіктерді жинайды. Барымтаға түскен малдарын екі есе ғып қайтарып отырған. Әуелі тауға тиянақтап, оны тұрақты мекенге айналдырған соң Созақ маңында малын сыйғыза алмай қоныс пен жайылымынан кемтарлық көрген Ойықтың Сәтегі Әбілқайыр байды көшіріп әкеледі. Қазір Әбілқайыр бұлағы бар.Әбілқайырдың шөбересі Сейілхан Нұрқожаев Социалистік Еңбек Ері, жасы 85 - те. Ойық ауылында тұрады. Батыр Жамбылдың бұдан кейінгі өмірі халқы үшін қызмет етуге арналады. Қоқан хандығының әміршілерімен сан рет шайқасқа түсіп, оларға бас имеген кісі. Қоқанның айлакері оны адастырып та көрді. Жамбылдың Өтеген деген баласы ірі тұлғалы, ақылды әрі өжет екен. Бірақ, Өтеген ерте өліп кеткен. Қоқанның бектері: «Егер Жамбыл бізге шын беріліп, қызмет етсе, Шымкент, Әулиеата өңіріндегі самсап жүрген датқалардың біразын босатар едік» деген екен.
Жамбыл батыр сондай - ақ, Кенесары - Наурызбайдың ұлт азаттық соғысына жасы ұлғаюы себепті өзі қатыспағанымен, (ол кезде Жамбыл батыр 70 жасты еңсеріп қалған тұсы еді) Кенесарының ақжолтай батыры Ағыбайға, Сыпатайға өзінің Құлшық, Шал, Келесбай, Түлкібай, Шабан батырлары мен сарбаздарын қосып, батасын беріп аттандырған. Бұндағы Келесбай батырдың ұрпақтарынан тараған Совет Одағының Батыры Сәду Шәкіров еді», – дегенін жазушы О. Иманәлиевтің өз аузынан естіген едім.
Иә,былай қарағанда, әпсана - әңгіме иланарлық дәйекпен берілген. Ыстының Ойық руынан шыққан Жамбыл атты батырдың болғанына шәк келтіре алмаймыз. Жамбыл батырдың біраз қауымымен Жамбыл тауында болғаны да рас шығар. Қоқан хандығымен шайқаста болғаны да шын болар...
Ал енді, осы ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың кіндігі кесілген таудың атауы жазушы Оспанәлі Иманәлиев баяндаған Жамбыл батырдың атымен аталған ба, ол енді басқа әңгіменің, зерттеудің, зерделеудің тақырыбы. Жалпы, аңыз - әпсана ақиқатқа жол аша ма, жоқ жаңылысқа жетелей ме, ол жағын көнеден көкейінде қалған дәйек-дерегі бар оқырман қауым өздері пайымдай жатар...
ГРУЗИН ЖАМБЫЛДЫҢ ӨЗІ, Я ҰРПАҒЫ БАРМА ЕКЕН?...
Мәскеудің ұйғарымымен 1937 жылы Грузиннің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» атты поэмасының авторы Шота Руставелидің туғанына 800 жыл, әлемге әйгілі жырдың жазылғанына шығармашылығына 750 жыл толған мерейтойына жыр алыбы Жамбыл да қатысады. Одақтың 15 республикасынан небір ақын – жыраулары өзара бақсынасады. Жасы тоқсаннан ауған Жәкеңнің жайы ойланарлық еді... Алайда,Жәкеңнен өзгені үлкен додаға саларлық қисыны жоқ та еді... Сол тұстағы классиктер Сәбит, Ғали, Тайырлар, басқалары бар жайын жасап, жайлы вагонға жайғастырғаннан кейін де Жәкеңнің құлағына поэма авторы және оның атақты шығармасы жайлы (арасында демалдырып) Грузияға жеткенше зейін - зердесіне құюмен болады. Алайда, «әлдеқалай болар екен?» деген күдігі де жоқ емес еді... Ақыры Грузия астанасы Тблисиге де жетіп, Жәкең үлкен дода өтетін сахна төріне шығады. Арқалы ақын қолға алған домбырасын қағып-қағып жіберіп, бір қолын аспанға көтеріп жыр тетігін ағыта жөнеледі. Зал іші тынып, Жамбыл тұрпатынан бейнебір Шота Руставелиді көргендей әсерде болады.Қаусаған шалдың мұншалықты құдіретіне бас иген жұрт ұлы грузин ақынны Шотаның сұр жолбарысы мен Жамбыл жыраудың «қызыл жолбарысы» әуелі арбасып-арпалысып, содан соң рухтары табысып жатқандай кейіпте бүкіл Грузия елінің аспанында ұлылардың рухтары қалықтап тұрғандай әсер қалдырды.
Ақыры арынды, арқалы ақынды ұлы Шота ұрпағы үйіне шақырып, қонақ етеді. Дәл осы күні Руставели әулетінде маңдайы торсықтай ұл бала дүниеге келеді. Грузин тектілері, абыз ақсақалдары ақын атын ырым етіп, әрі ұлы ақынды ардақ тұтып, үрметтеп есімін «Жамбыл» қояды.
Мен осы оқиғаны, ұлы Жамбыл бабмыздың 175 жылдық мерейтойына Мойынқұмның Жамбыл аулына, Алматы облысының Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш аулынан «Туған жерінен – тұрған жеріне» атты лебізбен келген ата ұрпақтарына айтып бердім. Алайда, мардымды жауап ала алмадым. (Жамбылдың атын алған грузин баланың 4-5 жастағы суреті де Жамбылға арналған шығамалардың бірінде бар болатын, біраз жыл бұрын көргенмін).
Иә, аруақты да, арқалы, жыр алыбы атамызды зор кие, құрмет тұтып, есімін «Жамбыл» деп қойған грузин бала бұл күнде қайда болды екен?.. Грузин Жамбыл ұзақ ғұмыр кешетін кавказдықтардың бірі болса өзін де көру ғажап емес... Ол кім болып өмір сүрді екен, ұрпақтары болса, олар туралы да бір дерек шығып қалар. Әзірге бұл жұмбақ жай... Тиісті орындар бұл жұмбақ та, сырлы жайдың сырын ашам десе аса қиын да емес. Бұлай ету – тек ұлы ақынымызды ұлықтау ғана емес, исі қазақтың рухын көтеруге қосылған елеулі үлес болар еді...
ЖЫР АЛЫБЫ ЖАМБЫЛ БАБАНЫҢ КІНДІК ҚАНЫ ТАМҒАН ЖЕР
Жамбыл бабаның 175 жылдық мерейтойы өткен соң Алматы облысындағы Жамбыл ауданының әкімі мен Ұзынағашта тұратын баба ұрпақтары бізге ұлы бабамыздың кіндік кескен жерін табуды міндеттемесе де ишара еткендей болды. Онсыз да бұл жай естен кетпей жүретін. Иә, бұған дейін де ұлы жырау жерлестері Жамбыл бабаның туғанына 150 жыл толғанда Жамбыл ауылына келіп, ең болмағанда туған жері Жамбыл тауы етегінен жарты қап топырақ әкеліп беруді өтінген болатын. Ауылдағы шапыраштыға күйеу болып келетін, қалжыңқой Қажымұқан Ерболов деген ағамыз: «Әй, Тұрсеке, неғыламыз, қайынжұрттың уәжін орындамасақ, тағы болмас, сонша жерден ат арылтып келгенде. 40-50 шақырым жерден әуре болып топырақ әкелгенше тас аралас төбенің бірінен ала салсақ болмай ма?» деді. Ақыры ауыл сыртындағы оншақты шақырым жерден топырағы тас аралас болып келетін «Тастөбеден» бір қапқа жуық топырақты «УАЗ - ға» тиеп, төбе басында «отметка» жасап, уақыт өткіздік те, Қажекеңнің қайынжұртын «олжамен» қайтардық. Қажекеңнің әкелген «киелі топырағын» ақын ұрпақтары пышақұшынан бөліп алып, көңілдері босап, араларында тіптен көздеріне жас алғандары да болды.
Біздің Жамбыл ауылы жұртшылығы Жамбыл атамызды ерекше құрмет тұтады. Жанбасы екі мыңға жетпейтін шағын ауылда жыр атамызға арнап тұрғызылған үш ескерткіш бар. Оның бірі – атаның ұрпақтары орнатқан қарапайым ескерткіш. Ал ауылдың қадірлі қариясы Қажекең (Шапыраштыға күйеу боп келетін) бас болып, ауылдың өзге ақсақал-ардагерлері қолдап Жамбыл атаға ауыл орталығына қойылған мүсінді ескерткіш пен кіре берістегі көрікті көкшіл түсті граниттен тұрғызылған еңселі ескерткіш кімнің де болса көзжауын алары сөзсіз. Бұл жайды өздері көздерімен көрген ата ұрпақтары ризашылықпен тарқасқан болатын. Айтпақшы, Мойынқұмның Жамбыл ауылына бірқыдыру жер жетпей тұрып ата ұрпақтарын ән - жырмен қарсы алған, облыстық айтыста бас жүлдені иеленген Есдәулетов Ғабитқа да ақын атамыздың туысы болып келгендіктен де ұлы жырау бабамыздың киелі өнері қонған болар деген де ойға келесің... Атамыздың туған топырағынан Қос Жұлдызды шопан Жазылбек Қуанышбаев сынды даңқты еңбек адамының шығуының өзі неге тұрады десеңші!..
Десек те, ұлы жыр алыбы Жамбыл бабамыздың кіндік қаны тамған жерді табу - көкейден кетпейтін қоламта боп жадымыздан шықпай - ак қойды...
ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТ ҚАСЫМЫЗДА ЖҮРІПТІ
Өткеннен мол хабары бар, қазыналы қарт Қойайдар қария жасы сексеннен асса да Жамбыл бабаның туып, кіндігін кескен жерді әңгімелегенде дәл бүгінгідей айтып бере алады екен. Бұл жайды естісімен «жерден жеті қоян тапқандай» дереу округ әкімі Ермак Жұмабековке барып, ауылдың ардагер ақсақалы Көпбосынов Айтқұл ағаны жолсерік етіп, Жамбыл тауына тарттық.
Әңгімені шежіре қарттың өзіне берейік:
– Жамбыл атаның Жамбыл тауының етегінде туғаны рас. Бірақ жұрт айтып жүрген Қоңыратбай,Талдыда емес, Шилібаста. Мен қойшы баласы болып, жазғы демалысымды осы Шилібаста өткізетінмін. Шилібас – табиғи болмысы ерекше жер. Тоғыз жолдың торабы. Ұлы хан жолынан небәрі 100 - 120 адым жерде. Екі жерде бастау бұлағы бар, тораңғылы бекет. Бұлағы ерте көктемде анау сексеуілді жыраға дейін баратын. Хан жолы – жолаушылардың Тораңғылы бекетке ары өткендер де, бері өткендер де соқпай кетпейтін тұсы. Қай кезде болмасын дамылдап, тіпті тәуліктеп тыныстап барып, ары қарай жолын жалғастыратын. Қыста қалың тораңғысы – пана, жазда – көлеңке. Бал татыған бұлағынан шөлін басып, мейірін қандырады. Мына тұрған тобыр тораңғы жауапсыз жолаушылардың, аңғал аңшылардың әрекетінен аракідік өртеніп тұрады. Тамыры терең, қасиетті өскін жылдар өте қайта өніп, адамзат үшін қамқор - пана қасиетін жалғастырады, жарықтық! Осынысы үшін де «қызыл кітапқа» еніп, қорғауға алынды.
Сірә, Шилібастың осындай ерек қасиетін білетін Жабай бабамыз діттеп келіп жетіп, ұлы Жамбылдың кіндігін осы жерде кескен болар. Тағы да, ақ қар, көк мұз – ақырған ақпанда босануы жақындаған анамызды неге жолға шығарды екен деген заңды сұрақ та туады. Бұл сұрақтың мән жайын ұлы Жамбыл атамыздың бір ауыз :
«Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған,
Байғара, Хан, Жамбылда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан», - деп жырлауынан - ақ бағамдауға болады. Бұл кез – Қоқан хандығының, әсіресе қырғыз бен қазаққа жиі шабуылдап, тізесі батып тұрған тұсы болатын.
Иә, «аттың жалында, түйенің қомында» өскен қазақ емеспіз бе, болашақ ұлы ақын дүниеге келгенде де атанға жегілген сырық - сүйретпе үстіне керегеге қалың жабылған киізден шағын ықтырма жасап, көш осы Шилібаста аялдаған екен. Шағын үй тігіп, ана белі қатайып, бала бекінгенше бірер күн жайлы Шилібасты паналап, сексеуілді жырадан жылу – отын алып жылынған. Мен бұл жайында әкемнің әңгімесінен қанықпын, – деп аяқтады сөзін қазыналы қарт.
Мен бұл жайды осыдан бірер жыл бұрын баспасөзде жариялағанмын. Алайда, көптің құлағы кестімеді ме, әлде газетінің таралым аумағы тар болды ма, жұрт жадына дұрыс жетпеген тәрізді. Әйтеуір, ақын атамыздың кіндік қаны тамған жерді шүбәсіз тапқанымызға көңліміз толып, үстімізден міндет жүгіміз түскендей болдық. Ендігі мақсат - міндет – кейінгі тұрған жері, атамыздың туыс – ұрпақтарымен хабарласып, жыр алыбы Жамбыл атамыздың кіндік қаны тамған жерге «Шын атым – халық» деп өткен ұлы жырау рухына арнап ел - жұрты атынан белгі қою. Қояр орнын да ақылдасып, анықтап қойдық.
– Жамбыл атаның Жамбыл тауының етегінде туғаны рас. Бірақ жұрт айтып жүрген Қоңыратбай,Талдыда емес, Шилібаста. Мен қойшы баласы болып, жазғы демалысымды осы Шилібаста өткізетінмін. Шилібас – табиғи болмысы ерекше жер. Тоғыз жолдың торабы. Ұлы хан жолынан небәрі 100 - 120 адым жерде. Екі жерде бастау бұлағы бар, тораңғылы бекет. Бұлағы ерте көктемде анау сексеуілді жыраға дейін баратын. Хан жолы – жолаушылардың Тораңғылы бекетке ары өткендер де, бері өткендер де соқпай кетпейтін тұсы. Қай кезде болмасын дамылдап, тіпті тәуліктеп тыныстап барып, ары қарай жолын жалғастыратын. Қыста қалың тораңғысы – пана, жазда – көлеңке. Бал татыған бұлағынан шөлін басып, мейірін қандырады. Мына тұрған тобыр тораңғы жауапсыз жолаушылардың, аңғал аңшылардың әрекетінен аракідік өртеніп тұрады. Тамыры терең, қасиетті өскін жылдар өте қайта өніп, адамзат үшін қамқор - пана қасиетін жалғастырады, жарықтық! Осынысы үшін де «қызыл кітапқа» еніп, қорғауға алынды.
Сірә, Шилібастың осындай ерек қасиетін білетін Жабай бабамыз діттеп келіп жетіп, ұлы Жамбылдың кіндігін осы жерде кескен болар. Тағы да, ақ қар, көк мұз – ақырған ақпанда босануы жақындаған анамызды неге жолға шығарды екен деген заңды сұрақ та туады. Бұл сұрақтың мән жайын ұлы Жамбыл атамыздың бір ауыз :
«Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған,
Байғара, Хан, Жамбылда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан», - деп жырлауынан - ақ бағамдауға болады. Бұл кез – Қоқан хандығының, әсіресе қырғыз бен қазаққа жиі шабуылдап, тізесі батып тұрған тұсы болатын.
Иә, «аттың жалында, түйенің қомында» өскен қазақ емеспіз бе, болашақ ұлы ақын дүниеге келгенде де атанға жегілген сырық - сүйретпе үстіне керегеге қалың жабылған киізден шағын ықтырма жасап, көш осы Шилібаста аялдаған екен. Шағын үй тігіп, ана белі қатайып, бала бекінгенше бірер күн жайлы Шилібасты паналап, сексеуілді жырадан жылу – отын алып жылынған. Мен бұл жайында әкемнің әңгімесінен қанықпын, – деп аяқтады сөзін қазыналы қарт.
Мен бұл жайды осыдан бірер жыл бұрын баспасөзде жариялағанмын. Алайда, көптің құлағы кестімеді ме, әлде газетінің таралым аумағы тар болды ма, жұрт жадына дұрыс жетпеген тәрізді. Әйтеуір, ақын атамыздың кіндік қаны тамған жерді шүбәсіз тапқанымызға көңліміз толып, үстімізден міндет жүгіміз түскендей болдық. Ендігі мақсат - міндет – кейінгі тұрған жері, атамыздың туыс – ұрпақтарымен хабарласып, жыр алыбы Жамбыл атамыздың кіндік қаны тамған жерге «Шын атым – халық» деп өткен ұлы жырау рухына арнап ел - жұрты атынан белгі қою. Қояр орнын да ақылдасып, анықтап қойдық.
Тұрсынтай ҚАЛДАРБЕКОВ,
еңбек адагері, өлкетанушы.
Мойынқұм ауданы
Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)