Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Болар елдің баласы...

Болар елдің баласы...

28 июль 2022, Четверг
130
0





Қазақта елді бірлікке, бірлесіп атқарар тірлікке шақыратын ұстаным етер ұлағатты сөздер мен мақал-мәтелдер көп. Олар «Бірлігі бар елдің тірлігі бар», «Алтау ала болса, ауыздағы кетер, төртеу түгел болса ,төбедегі жерге түсер», «Бірлігі бүтін елді дау да алмайды, жау да алмайды» болып жақсы ниетте жалғасып кете береді. «Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді...» деген мәтел де сол сарындас.
Оны Меркі ауылдық округінің әкімі Ғазиз Доғдырбайұлы Байарыстан мен ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сәдібекұлы Әметқұловпен сұхбат барысында анық аңғардық. Екеуі де салған жерден бір-бірінсіз істері ілгері баспайтынын, Амангелді ағамыз ардагерлер ұйымына әкімдік қолдау көрсетіп отырғанын, Ғазиз ініміз барлық игі істердің бастауында аға буын өкілдері жүретінін алдыға тартты. Ішіміз жылып, қуанып қалдық.  Мақалаға «Болар елдің баласы...» деп тақырып қайып отырғанымыз да сондықтан.



ТІЛШІ: Ә дегеннен әңгімені бір-біріңізді қолпаштау, құрметтеу, мақтаудан бастадыңыздар. Осының себеп-салдарын тарқатып айтып беріңіздерші?
А м а н г е л д і  ӘМЕТҚҰЛОВ: Меркі – үлкен елді мекен. Ауданның орталығы саналатын ауылда мәселелер де көп. Ардагерлер әкімдіктің ішкі істеріне тұмсығын тыға бермейміз. Біз көбінесе, тұрғындардың, оның ішінде қариялардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары мен көпшілікке ортақ мәселелер жөнінде жергілікті биліктің көмегіне, қолдауына көп жүгінеміз. Онда да қолдан келмейтін істерге қолқалау жоқ,  буынсыз жерге пышақ ұрмаймыз. Әкімдіктің әлі келеді-ау деген, құзіреті  жететін мәселелерді шешіп беруді сұраймыз. Ондайда билік тарапынан бас тарту болған емес. 
Ғазиз БАЙАРЫСТАН: «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген бар, біз көп мәселені тұрғындармен бірлесіп шешеміз. Сондайда, аға буын ардагерлердің ақылына жүгініп, кеңесіп отыру дәстүрге айналған. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» ұстанымында жүргізген жұмысымыз жеміссіз емес. Кейде өз шамамыз жетпейтін, жоғарыдан қолдау керек ететін мәселелер болады. Ондай жағдайда ардагерлер сөзі – өтімділеу. Орынды жерінде аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдарды алдыға саламыз. Мүмкін емес ешнәрсе жоқ қой, ондайда мәселелер ретімен шешіліп жатады.
ТІЛШІ: Атап айтқанда?...
Ғазиз БАЙАРЫСТАН: Мә-селелер көп қой, қайсыбірін айтайын.
ТІЛШІ: Амангелді аға, Сіз не айтар едіңіз?
Амангелді ӘМЕТҚҰЛОВ: Қар-иялар бала мінезді келеді. Биліктен сәл көмек көріп, істеріне қолдау тапса, балаша мәз. Болар-болмас нәрсеге өкпелеп қалатыны да рас. Ондайда ардагерлер ұйымы істің тігісін жатқызып, билікке ақсақалдар өтінішін нақтылай айтып жеткіземіз. Әкімдік әліне қарай әрекет жасап, өтініш иесінің көңілін тауып жатады.
ТІЛШІ: Сіздерден нақты мысалдар естігім келіп отыр. Оқырмандар да жалаң сөздерден гөрі, жақсы істер жайында біліп, сүйсініп қалсын. 
Ғазиз БАЙАРЫСТАН: Ке-шегі бүкіл адамзатқа сынақ болған коронавирус індетіне дейін Наурыз тойында Халықаралық әйелдер күнінде, Ұлы Жеңіс күнінде, Халықаралық Қарттар күнінде, Тәуелсіздік мерекесінде қарияларға дастархан жайып, сый-сияпаттар жасап келгенбіз. Бұл жерде ауылдан шыққан ілкімді азаматтардың көмегі көп болғанын айтуға тиіспін. Олар қайырымдылық істерімен, демеушілік көмектерімен ардагерлер алғысына бөленді. Біздің де ризашылығымыз шексіз!
Карантиндік шектеулер кезінде ардагерлерге азық-түлік себеттері таратылды. Мысалы, өткен жылы Қарттар күнінде 30-дан астам қария осындай құрметке ие болды.
Жағдай жақсарып келеді ғой, алдағы уақытта ардагерлер ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істей беретін боламыз.
Амангелді ӘМЕТҚҰЛОВ: Нақ-ты деректерге сүйеніп сөйлер болсам, біздің округте 2000-ға жуық ардагер бар. Олар бастауыш ұйымға қарасты 7 цехтық топқа  біріктірілген. Округте 1 Ұлы Отан соғысына қатысушы, 53 тыл еңбекткері, 1 Ауған соғысының ардагері, 12 Семей полигонында әскери қызметте болғандар, 2 Чернобыль апатын жоюға қатысқандар бар. Бәрі де басты назарда. Әлеуметтік көмекпен қамтылған.
Жаңа Ғазиз олардың мерекелерде ескерусіз қалмайтындарын айтты ғой. 
Біз ауылдық округ әкімдігімен бірігіп Алғыс айту күнінде медицина қызметкерлері мен қоғамдық тәртіп  сақшыларын марапаттап, сый-сияпат жасадық. Медиктерге пандемия кезінде, полицейлерге қаңтар оқиғасы тұсында өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, адамдар денсаулығы мен қоғам тыныштығын сақтауда қырағы күзетте тұрғандары үшін.
Ғазиз БАЙАРЫСТАН: Бұрынғы облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бас-тамасымен «Асарлатып үй салу» бағдарламасы бойынша өткен жылы бір отбасына 4 миллион теңгеге үй салып бергенбіз. 
Биыл 3,5 миллион теңгеге үй сатып әпердік. Баспанаға зәру, күнкөрісі төмен отбасын анықтауда, асарға ілкімді азаматтар мен ісмер-шеберлерді тартуда қариялар көмегі көп болды.
ТІЛШІ: Қандай істе болса да, көпке қозғау салатын, өздері үлгі көрсететін белсенділер болады. Сол санатта кімдерді атар едіңіздер?
Амангелді ӘМЕТҚҰЛОВ: Ауылдық ардагерлер кеңесі төр-ағасының орынбасары Насыр Махмудов, абыз ақсақал Қазихан Жұмалиев, Жақан Жұмалиев, Жексен Әшкеев, Аналар алқасының төрайымы Роза Байбосынова, алқа мүшелері Нұрия Баубекова, Мәдина Мұстафиналардың белсенділіктері жоғары. Біздің қол жеткізген табыс-тарымызда олардың үлестері зор. 
ТІЛШІ:«Ғұмыр-Дарияға» жазылуда меркіліктер межеден көріну былай тұрсын, бұрынғы көрсеткіштердің оннан біріне де қол жеткізе алмағанын қайталап атпай-ақ қояйын, сіздерде бұл мәселенің жайы қалай?
Амангелді ӘМЕТҚҰЛОВ: Кемедегінің жаны бір, аудан көрсеткіші үшін намыстан өртеніп отырғанымыз рас. Бұл жағынан біз шүкіршілік ететіндай жағдайдамыз.
Өткен жылғы көрсеткіш 60 дана төңірегінде болған. 2022 жылдың бірінші жартысында 80-ге жетіп едік, екінші жарты жылдықта 60-ты қанағат етуге тура келді.
Үш жылдан бері ауылдық округ әкімдігі әр маусымда 30 және одан да көп қарияларды жаздырып отыр. Аудандағы Совет Қалманбетов, Бақыт Сауранбаев, Қазихан Жұмалиев сынды танымал тұлғалар демеушілік көмек көрсетуде. Оларға Алла разы болсын! 
— Әңгімелеріңізге рахмет!

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
«Ғұмыр-Дария»,
Тараз-Меркі-Тараз.




Обсудить
Блок в статье:
"Ана тілің-арың бұл" 20 сентябрь 2024, Пятница
БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР 19 сентябрь 2024, Четверг

Похожие материалы:

Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры