ТАҢБАЛАНЫП ТАРИХ БОЛҒАН БЕРЕКЕЛІ ОН БЕЛЕС
"Газет – халықтың көзі, құлағы, һәм тілі" деп Ахмет Байтұрсынұлы текке айтпаса керек. Сонау XIX ғасырдың аяғында қазақ жеріне қадам басқан алғашқы баспасөз құралдарының да ағартушылық бағыттағы жұмыстары қаншалықты үлкен мәнге ие болса, бүгінгі күні де баспасөз зор маңызға ие. Газет жұмысы үлкен ыждағаттылық пен төзімділікті қажет етеді. Мұнда бір сөздің артында мыңдаған жанның тағдыры жатқандығын шындап сезінесің. Осындай мәртебелі міндетті арқалап жүрген қара нар басылымның бірі – облыстық «Ғұмыр-Дария» газеті биыл он жылдығын атап өтуде. Алғашқы санын 2013 жылдың 5 маусымынан қалың көпшілікке жол тартқан ардагерлер басылымы бүгінде қариялар тіршілігінен мол сыр шертіп, үлкендер қауымының аманатын сеніммен арқалап келеді. Осы орайда газет редакциясында әр жылдары қызмет еткен майталман мамандармен аз-кем сұхбат құрып, естеліктерімен бөлісіп, онжылдық тарихы бар газеттің белесті кезеңдерінен естеліктер тыңдап қайтқан едік.
САТИРА ДА ЖАЗҒАНБЫЗ
Маркс Түзелбаев, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қарасты Асанәлі Әшімов орталығының басшысы

Мұнда жұмысқа келісімен әр саланың ардагерлерімен танысып, түрлі кәсіп иелерімен байланыста болдық. Сол жылы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 70 жылдығына орай көзі тірі майдангерлермен тегіс тілдестім десем қателесе қоймаспын.
Газеттің соңғы бетінде тұрақты түрде сатиралық әңгімелер, әзіл өлеңдер жарияланып тұратын. Бірде тұрақты авторымыздан сатира бетіне арналған материал болмай қалып, соны өзім жазып шығуыма тура келді. Мен өзім анда-санда өлең жазып тұратыным болмаса әзіл-сықақ жанрында материал дайындап көрмеген екем. Сонда шарасыздықтан сол бетке сықақ әңгімені өзім жазып шығуыма тура келді. Үйге келіп ойланып өмірімде өткен жайттарды еске түсіріп «Құдайға шүкір, несиеміз бар!» деген атпен әңгіме жазып шықтым.
Мен өзім сол кезде отыз алтыдамын. Сол жасыма дейін бір де бір несие алмаппын. Бірде банкке барғанымда қызметші қыз:
— Аға, несиеңіз бар ма?», – деп сұрағанда:
— Жоқ, – деген жауабыма сонша таңғалып, таңданысын білдірген еді. Біздің қоғамда несие алу деген үйреншікті дүние ғой. Міне, сол бір оқиға есіме түсіп, осындай сықақ әңгіме жазғаным бар. Сол материалымды бас редакторға көрсеткенімде: «Өй, сен сатираға да икемің бар екен ғой» деп бір көтеріп тастағаны бар.
Сөйтіп, мен «Ғұмыр-Дарияда» бір жылдай қызмет еттім. Сонда Жаңабай ағамыздың жақсылығын көріп, Досымжан Төлеуіштей бірегей мықты журналистпен бірге қызмет еттім. Бүгінде он жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан ардагерлер газетін шын жүректен құттықтаймын! Шығармашылық ұжымға телегей табыс тілеймін!
ЕСТЕ ҚАЛҒАН БІР ОҚИҒА
Ақтоты Жаңабай, облыстық «AR-AI» газетінің тілшісі.
Блок в статье:
Серік Сәлемов Жамбыл облыстық бокс федерациясының президенті болып сайланды
28 март 2025, Пятница
Еске алу кеші
28 март 2025, Пятница
БИ ӘДІЛ БОЛМАЙ – ІС ІЛГЕРІ БАСПАЙДЫ
23 март 2025, Воскресенье

«Ғұмыр-Дария» – қашанда қарттардың көңілінен мықтап орын ала білген газет. Бүгінде он жылдық мерейлі белесін атап өтіп жатқан басылымның қалың оқырман қауымға берері көп. Журналистік қызметімнің бастауы болған газетіміз тек қызметтік қарымымызды шыңдап қана қойған жоқ, бізді үлкен өмірге мықтап дайындады.«Ғұмыр-Дарияда» өткен күндеріміздің де өз қызығы мен шыжығы көп болды. Соның бірі 2018 жылғы «Қымызмұрындық» этнофестивалінде болған еді…
Сол жылы Жуалы ауданы "Қымызмұрындық" ұлттық мерекесі жоғары деңгейде ұйымдастырды. Жан-жақтағы аудандардан қонақтар шақырылып, үлкен жиын болды. Біз де сол іс-шарада өзіміздің журналистік қызметімізді атқарып, фоторепортаж дайындап жүрдік. Қасымда құрбым, облыстық ардагерлер кеңесінің қабылдау бөлімінде қызмет атқаратын Ақсәуле бар. Несін айтарсың, қымызмұрындық фестивальі өте керемет дейгейде өтіп жатты. Абыр-сабырда түскі асымызды ішуге уақыт тауып Ақсәуле екеуміз киіз үйлердің біріне кіргенбіз. Сол жерде отырғанымызда телефоным үстел жиегінде қалып кеткен екен. Мұны тек кешке салым қайтар уақытта ғана аңғарған менің сол күні көңіл-күйім болсашы. Ары іздеп, бері іздеп ақыры сол телефонымды таппадым. Екі-үш күннен кейін ғана ноутбугыма хабарлама келгенін аңғардым. Ашсам-Ақсәуле жақсы хабар айтып, сүйіншілеп хабарлама қалдырыпты. Сол күнгі жиыннан қайтқан қонақтардың бірі заттарын жиыстырып жатып менің телефонымды да байқамай ала кеткен екен. Анау-мынау жер емес сонау Мойынқұмға кеткен екен телефоным. Сөйтіп, кейін таксимен салып жіберіп, қолымызға смартфоным тиіп бір қуанғаным бар.
Айта берсек, әрине, мұндай оқиғалардың тізбегі таусылмас. Өйткені «Ғұмыр-Дария» маған талай бақытты сәттер сыйлады. Қариялар қалауымен шығып жүрген басылымыз жүзге толсын! Жазар таусылмасын! Оқырмандары көбейе берсін дегіміз келеді.

АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫМ
Талғат Нұрхан, облыстық «AR-AI» газетінің бөлім меңгерушісі
2013 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетін филолог мамандығы бойынша тәмамдадым. Диплом қолға алысымен енді қайда барам, не істеймін деген оймен жүрдім. Бір ойым – ауылға барып мұғалім болу. Бұл ойымды әкем де құптаған еді. Сөйтіп, ауылға шыққалы тұрғанымызда марқұм жазушы-журналист Болат Бекжанов ағамыз хабарласып қалды. Ол кісімен бұрыннан таныстығымыз болатын. «Жамбыл-Тараз» газетін басқарып тұрған шағында жиі кездесіп, әңгімесін тыңдап қайтушы едім. Биыл оқу бітіретіндігімнен хабардар ағамыз жайымды естіген соң өзіне келіп қайтуға шақырды. Барғасын жаңа газет ашылғалы жатқандығын, оған жас қызметкерлер керектігін айтып, әкемнен мені өзім тәрбиеме алайын деп сұрап алып қалды. Солай Болат ағамыз Жаңабай ағамен таныстырып, жаңа газеттің жұмысына белсене кірісіп кеттік. Сол кезеңде шығармашылық құрамда дизайнер Маржан Өсерова әпкеміз, ардагер журналист Досымжан Төлеуіш ағайлармен қызметтес болдым. «Ғұмыр-Дарияда» азғантай ғана уақыт қызмет етсем де, біршама дүниелерді үйрендік. Ақпарат өңдеу, оны жазу, іздеу, корректорлық жұмысқа мен сонда жүріп қалыптастым. Бұған дейін бірде-бір материал, ақпарат жазып көрмеген жігітке мұның бәрі таңсық дүние болатын. Әсіресе, «Ғұмыр-Дарияда» тақырып қоюға жақсы машықтандық. Әлі есімде менің алғашқы материалым тазалық тақырыбында жазылған. Сонда сол жұмысымды Болат ағаға көрсетуге алып барғанымда ақ парақтың сау-тамтығын қалдырмай шимайлап берді де, «Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде болады» деп тақырыбын қойып берген болатын. Міне, содан бері қанша жыл қызмет етсек те, осы бір тақырыпты көп пайдаланамыз.
Бүгінде 9 жылға жуық журналистік кәсіпте жүрсем сол қаламгерлік қызметтің тұғыртасы алғашқы жұмыс орыным «Ғұмыр-Дарияда» қаланған еді. Ардагерлер аманатын арқалап жүрген «Ғұмыр-Дария» газетінің он жылдығы құтты болсын, Жаңабай Миллионов ағамызға шығармашылық табыс тілеймін. Жазар таусылмасын!
ҮЙРЕНГЕНІМ КӨПБүгінде 9 жылға жуық журналистік кәсіпте жүрсем сол қаламгерлік қызметтің тұғыртасы алғашқы жұмыс орыным «Ғұмыр-Дарияда» қаланған еді. Ардагерлер аманатын арқалап жүрген «Ғұмыр-Дария» газетінің он жылдығы құтты болсын, Жаңабай Миллионов ағамызға шығармашылық табыс тілеймін. Жазар таусылмасын!
Болат ЖАПАРҰЛЫ, ардагер журналист
Аймақ ардагерлерінің төл басылымы – «Ғұмыр-Дария» газеті «дүниеге келгенде» шын қуанғандардың бірімін. Қуанып қана қойған жоқпын, жаңа басылымның оқырманы көп болуына, мазмұнының терең, елдің көкейінен шығуына тілегімізді де арнағанбыз. Құдай тілеуімізді беріп, содан бергі он жылда «Ғұмыр-Дария» арнасынан аса тасыған дариядай аймаққа ғана емес, республикаға танымал басылым болды десем, ешкім артық айттың дей қоймас.
Басылым басшысы Жаңабай Миллионовтың шақыруымен қызметке келіп, осында жұмыс істеген жеті жылда тағы бір шығармашылық мектептен өткендей болдым.
Бұған дейін облыстық, аудандық, салалық басылымдарда жұмыс істеп жүргенде, талай тақырыпты қаужадық қой! «Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайдының» керімен саясаттың сүрлеуінен шыға алмай, жаттанды болған жайларды одан сайын жауыр қылуға атсалысқанымызды несіне жасырайын.
«Ғұмыр-Дарияда» тыңға түрен салғандай күй кештім. Саясат, экономикада шаруам шамалы, жазғандарым ардагерлер ұйымдарының тыныс-тіршілігі, айтарым ақсақалдардың әлеуметтік хал-ахуалы, көтергенім аға буын өкілдері алға қойған өзекті мәселелер болды. Өз атымнан да, мақалаларын ұйымдастырғандар атынан да батыл айттым, ашық айттым.
Ұлттық құндылықтар жайында бұрын да біраз білетін-ақ сияқты едім, білгенімнен білмейтінім көп екен. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың талай тамаша үлгілерін үйрендім және оқырманға түсінікті етіп жеткізуге тырыстым.
Өмірді көрген, бай тәжірибелері бар қазына қариялармен танысқаным, сырласқаным, үйренгенім, көңілге түйгендерім көп болды. Әрине, олармен етене араласуыма «Ғұмыр-Дарияның» әсері мол болғанына дау жоқ.
«Ғұмыр-Дария» – талай жастың қаламын ұштап, қанатын қатайтқан басылым. Өзім қызметтес болған Нұрсұлтан Рахымбай, Ақтоты Жаңабай және Айман Сейділдаеваны бөліп айта аламын. Қазір Нұрсұлтан қаламгерлікті ғылыммен ұштастыруда, Ақтоты – облыстық «Арай» жастар газетінде белді қызметкер, Айман – облыс баспасөзінің қарашаңырағы «Ақ жол» газетінде дизайнер. Басылымның ажарлы, айшықты болып шығуына атсалысып жүр.
Қазір редакцияда Нұрболат Аманбек – тілші, Гүлнұр Жорабек безендіруші болып қызмет атқарып жүр. Олардың да ғибраты мол басылымнан шеберліктері шыңдалып шығатындарына сенім зор.
Журналистік – қартаймайтын мамандық. Қалам қолда, ой орнында тұрғанда жазудан жалықпаймын ғой. Мен де шама-шарқым келгенше «Ғұмыр-Дариядан» қол үзбеймін.
Мүмкіндікті пайдалана отырып, «Ғұмыр-Дарияның» ұжымын және өңірдегі барлық әріптестерімді төл мерекелерімен – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің мерекесімен құттықтаймын!

ӨМІРДІ ӨНЕГЕЛІ ӨРДІМ
Айман Сейділдаева, «Aq Jol» газетінің безендірушісі
Ол кісіден де үйренгеніміз көп. Үлкенді сыйлау, батасын алу, кішіге қамқор болу керектігін ұқтырды. Үйде ата-анамыз болса, жұмыстағы біздің қамқоршымыз, қолдаушымыз осы кісі болды. Әңгіме айта отырып, тәрбиелейтін. Кейде ұрысып отырып, үлкен өмірге бейімдейтін.
«Ғұмыр-Дария» газеті – тіптен тұнып тұрған тәрбие құралы, кіп-кішкентай кірпіштей ғана шағын газеттің түсінген адамға берері мол. Әр беті тұнып тұрған тарих. Ұлағат та, ғибрат та, тағылым да, таным да, парасаттылық та осы газетте жатыр. Бәлкім, осы газетте тынбай жұмыс жасауымның арқасы шығар, әлде ағаның жанашырлығынан болар, тура бір жыл бұрын облыстың бас газеті «Aq jol»-ға жұмысқа орналастым. Осында келгенде ғана мен «Ғұмыр-Дарияда» үлкен өмір мектебінен өткенімді түсіндім. Әлі күнге дейін бір кісілер тарапынан «Ғұмыр-Дарияның» немесе Жаңабай Миллионовтың аттары аталып жатса құлағыма жағымды естіледі. Мен ағамен бірге жұмыс істеген жылдарымды мақтанышпен, қанағат сезіммен айта аламын. 10 жылға толған «Ғұмыр-Дария» газетіне атына заты сай ғұмыр тілеймін!
ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ МЕКТЕБІМ БОЛДЫ
Нұрсұлтан РАХЫМБАЙ, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Журналистика және саясаттану» факультетінің I-курс докторанты

Жаңабай көкені өз әкеміздей көрдік. Қазақта «Жақсы әкенің есімі – баласына қырық жыл азық болар» деген. Сол уақытта «Бұл бала «Ғұмыр-Дарияда» жүр» деген бір ауыз сөзі мен үшін талай есікті ашқан рас. Соның бір дәлелі - жергілікті жоғарғы оқу орнын қызыл дипломмен тәмәмдап, студент болып жүріп баспаналы болдық. «Жаңбырмен жер, батамен ер көгерер» деген осы болар... Осылайша кейінірек Еуропада қосымша білім алып, қазіргі таңда Еуразия ұлттық университетінің доктарантурасында ғылым жолына біржола бет бұрған жайым бар.
Тәжірибе тапқаным үшін, бағымды жаққаның үшін, рақмет саған, «Ғұмыр-Дария»!
Қосбеттегі материалдарды дайындаған
Нұрболат АМАНБЕК
Похожие материалы:
Комментарии (0)