Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?

БАТА БЕРЕ БІЛЕСІЗ БЕ?

11 май 2023, Четверг
81 159
62
Бүгінгі таңда   бата берушілердің ауылдық, аудандық, облыстық байқаулары жыл сайын  өткізіліп жүр. Ондағы мақсат – бата беру дәстүрін ұрпаққа үлгі ету, көкірегі қазына қариялардың бойындағы қасиеттерін дәріптеу арқылы жастарды имандылыққа тәрбиелеу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді үйрету деп түсінеміз.   Халқымызбен бірге жасап келе жатқан қазақтың бата беру дәстүрі қазір де мәнін жоғалтқан жоқ. Сондай   ұлттық тәлім-тәрбиенің бастауы саналатын бата берудің үлгілерін жарқырата көрсетуі тиіс батагөйлердің «Батамен ел көгерер»  аудандық байқауы жуырда Қордай ауданында да өтті.
Байқауға барлығы 16 батагөй қатысты. Олар  жеребе бойынша төрт түрлі сұраққа жауап берді.  Бірінші – тақырыптық батаны (дастарханға, жас отау иелеріне, жаңа қонысқа т. б.), екінші – тарихи тұлғалардың белгілі баталарын, үшінші – өз жадынан шығарған батаны мәнерлеп жатқа айту болса, төртінші – ежелгі әдет-ғұрыптар туралы бір сұраққа жауап беру. Құрамында ауданның Құрметті азаматы Әбдібек Сейілхан, аудандық билер кеңесінің төрағасы Нұржан Молдабеков, елімізге танымал айтыскер ақын Күміскүл Сәрсенбаева және осы жолдардың авторы бар қазылар алқасына байқаудың нәтижесін шығару біраз «жұмыс» болды. Аудан әкімінің орынбасары Дәмира Сүгірбай мен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет жеңімпаздарды құттықтап сөз сөйледі. Жүлделер   табыс етілді. Бас жүлде Кенен ауылынан келген Жамбыл Сатыбалдиевке, бірінші орын қордайлық Бақыт Байжігітовке бұйырып, қасықтық Жайсаңбек Әбдіматов, қордайлық Қымбатбай Байсарин, отарлық Мырзабай Күзербаев, сарыбұлақтық Құлжан Әбдиев екінші-үшінші орындарды бөлісті.  Сондай-ақ, ең егде қатысушыға, ең жас қатысушыға, бата берудің ерекше  мақамына, ұлттық сәнді киім үлгісіне деген арнайы сыйлықтар да болды. Бас жүлде алған  сексен үш жастағы Жамбыл Сатыбалдиев облыстық  батагөйлер байқауына жолдама алды. 
Осылай деп қайыра салуға да болар еді,  бірақ бата берушілерге қойылатын талаптардың  орындалуын қалт жібермей қадағалап отырғандағы кейбір түйген ойларымды ортаға сала кеткенді жөн көрдім. Өйткені, біздегі  байқалған бірқатар кемшіліктер басқа жерлерде де орын алуы мүмкін. Ең алдымен айтарым, 160 мыңдай халық мекендейтін үлкен аудандағы жиырмаға тарта ауылдық округке қарайтын 40-тан астам елді мекендерден аудандық байқауға небәрі 16 адамның ғана қатысуы. Олардың кейбірін сол ауылдың әкімдері мен ардагерлер кеңесінің төрағалары, әйтеуір, көзтүрткіден құтылу үшін «әкелеп-көкелеп» әкелгені көрініп тұрды.  Бұлай байқаудың маңызына жүрдім-бардым қарап, шала дайындықпен қатысу ұят-ақ болды. 
Бабаларымыз ұрпағын бала кезінен үлкендердің алдын кесіп өтпеуге, тек ақ батасын алуға тәрбиелеген.  Бұрынғылардан  қалған «Баталы елге бақ қонар», «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Бата алғанның бағы бар», «Баталы ер арымас» деген тәрізді  мақал-мәтелдер батаның маңызын білдіріп тұр емес пе.  Әрине, дастархан басында өз отбасының, бала-шағасының тілеуін тілеп екі ауыз сөзбен бата қайырмайтын қазақ жоқ шығар. Ал, алқалы жиындарда көпшілікке арнап бата берудің жөні  бір басқа. Әр атаның, ауылдың, аймақтың батагөйлері болған. Халық арасында ғасырлар бойы сақталып келе жатқан небір атақты адамдардың бата үлгілері бар. Мысалы, Қыбырай бидің жас Төлеге берген батасы, Төле бидің жас Сабалаққа (Абылайға) берген батасы, Бұхар жыраудың, Сүйінбайдың, Жамбылдың, керей Тоқсан бидің, өзіміздің өңірден шыққан Тілеміс шешеннің, Кебекбай шешеннің, Кененнің, Бауыржан Момышұлының, Шерхан Мұртазаның баталары бата берудің озық үлгілерінен саналады. 
Бата беру – үлкен өнер. Бұрынырақта әр ауылда  суырып салып, мақамдап майын тамызып ғибратты сөздермен тыңдаушыны ұйытып бата беретін  аталарымыз баршылық болатын. Күні кешеге дейін қарасайлық Асық Уәлиұлы ағамыз талай мәрте аудандық, облыстық батагөйлер жарысында жүлде алып, аудан намысын қолдан бермей келген ақынжанды азамат еді. Өзінің жадынан шығарған баталарын жинақтап кітапша да шығарған.  Тоқсаннан асқан қариямыздың жүріс-тұрысы қазір ауырлады. Мен білетін қаракемерлік әйдік батагөйлер Садық Саудабайұлы, Елшібек Алыбаев та қартайып барады.  Өкінішке орай, олардың орнын басатын, сөзге ұста батагөйлер қазір тым аз байқалады. Той -томалақтарда, ас-жиындарда беріліп жүрген қазіргі баталар көбінше жадағай, жаттанды, бірін бірі қайталайды. Аудандық байқауға қатысуға кейбір ауылдардан бата бере алатын қариялардың табылмауы ойлантуы тиіс. Сондықтан, қазіргі жас азаматтар осы бастан бата сөздерді оқып,  жаттап, өз жадынан да шығарып кейінгілерге үйретіп жүргендері абзал дер едім.
Өзінің тарихы, рухы, жаны сөзге байланысты қазақ халқы ақ батадағы игі тілектерге сүттей ұйып, оның құдыретті күшіне сенетін болған. Жақсы бір істі қолға алғанда өз мақсатына жету үшін Алладан медет тілеп, оны Жаратқан Иенің рұқсатымен бастау үшін ниетін түзеп Раббымыздан «ісімізді оңғара көр» деп сұрайды емес пе. Осы тұрғыдан алғанда байқау өтіп жатқан аудандық мәдениет үйінің қарсы бетіндегі мешіттен аудан имамының келіп, не наиб-имамды жіберіп батаның қасиеті туралы уағызын айтса бұл шараның маңызы арта түспес пе еді. Әйтпесе, мешітте немесе жаназа кезінде жұртты жер астындағы һәм жеті қат көктегі «бақи» дүниемен  қорқытудан әрі аспай жүрген кейбір имамдардың бұл жолы төбе көрсетпеуі біздерді ойлантып тастады. 
Бата – қасиетті сөз. Бата – қысылғанда қуат, қиналғанда медет береді. 
Батаның түрлері де көп.  Ізгілікке шақыратын  Ақ бата, қарғыс тілейтін Теріс бата, достасуда, құдаласуда, елшілікте анттасатын Серттесу батасы да болады. Ал, батаны бұзу қарғыспен тең саналатын болған.  Батаның адам өміріне әсері зор екенін ұмытпауымыз керек. Мақсат – жастарды аталы сөзден ғибрат алуға, қазақ елін, оның салт-дәстүрін, тілін құрметтеуге тәрбиелеу екенін естен шығармаған дұрыс.

Құрманбек Әлімжан,
ардагер журналист.  
Қордай ауданы.


Обсудить

Похожие материалы:

Асарлатқан ауылдар
29 июль 2020, Среда
Асарлатқан ауылдар
Бейбітшілік пен келісім
20 март 2020, Пятница
Бейбітшілік пен келісім
Билік және бастауыш ұйым
29 апрель 2022, Пятница
Билік және бастауыш ұйым
Қоғам
30 май 2022, Понедельник
Қоғам
Добавить комментарий
Комментарии (62)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Fannie
Fannie Гости 12 июля 2024 13:32
Triangle Billiards & Bar Stools 1471 Nisson Ɍd, Tustin, CA 92780, United Stаtes +17147715380 Tri Billiards Repair Tips
Roy
Roy Гости 13 июля 2024 13:00
Группа объявлений Воронеж в телеграмм. Размещение частных объявлений бесплатно! Коммерческие и рекламные объявления, по правилам группы. #Воронеж #ОбъявленияВоронеж #БесплатныеОбъявления #объявление #доскаобъявлений #барахолка #телеграм #телеграмм #telegram Присоединяйся, чтобы быть в курсе.. доска объявлений воронеж Чаты остальных городов России можно увидеть здесь! папки в телеграм
Сотрудники
Партнеры