ӨНЕГЕ ҮЛКЕНДЕРДЕН ӨРІС АЛАДЫ
Т. Рысқұлов аудандық ардагерлер ұйымы – облыстағы белсенділігі жоғары қоғамдық бірлестіктердің бірі. Ауылдық округтердегі, мекемелер мен кәсіпорындардағы бастауыш ардагерлер ұйымдарына топтасқан зейнет жасындағы қариялар қол қусырып қарап отырмай, көргені мен түйгенін, мол тәжірибесін, өнегелі өмір жолдарын өздерінен кейінгі жастарға мирас етіп, ағайынның ауызбірлігін сақтауға атсалысуда, қоғамдық өмірден сырт қалмай белсенділік танытуда.Біздің тілшіміз Тұрар Рысқұлов аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қожайхан Қазыбайұлы Бижановпен аудандық ардагерлер кеңесінде, жалпы аудан ардагерлер ұйымында атқарылып жатқан жұмыстар төңірегінде әңгімелесіп қайтқан еді. ТІЛШІ: – Сөз жоқ, сіз жетекшілік жасап отырған аудан ардагерлер ұйымының, аудандық белсенді қоғамдық қызметі қай кезде болмасын жоғары бағаланып жүр. Әрине қоғамдық жұмыстың қыр-сыры көп болатындығын біз жақсы білеміз. Жұмыстың нәтижелі болуы көп жағдайда ұйым мүшелерінің белсенділігіне де байланысты екендігі айтпаса да түсінікті. Әңгімемізді осы төңірегінде өрбітсек.
Қожайхан БИЖАНОВ: – «Жалғыз ағаш орман емес» деп жатамыз ғой. Ең әуелі аудандық ардагерлер кеңесі өзінің сан-салалы қызметін аудан әкімдігінің, ауылдық округтер әкімдерінің қолдау-көмегіне сүйене отырып атқаратындығын айтуға тиістімін. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың депутаттарымен, қоғамдық ұйымдармен, зиялы қауым өкілдерімен ықпалдастықта жұмыс атқарудамыз. Аудандық ардагерлер кеңесі жастарды патриоттық және адамгершілік рухтта тәрбиелеуге, тұрақтылықты сақтауға, қарт адамдардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларға лайықты әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасалуына қоғамдық ықпал ету мәселелерін басты назарда ұстайды.
Ауданда бүгінгі таңда жеті мыңға жуық зейнеткер бар. Олар 56 бастауыш ұйымға біріктірілген. Өткен есеп беру конференциясында ардагерлер кеңесі 25 белсенді қариядан жасақталды. Бізде он бір адамнан құралған төралқа тұрақты жұмыс істейді. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесі жанынан құралған билер, әкелер, аналар кеңестері бүгінде ықпалды қоғамдық күшке айналды. Әр сала бойынша құрылған бес тұрақты комиссия жоспарлы жұмыс атқаруда. Бұған 56 бастауыш ұйымдағы төрағалар мен олардың орынбасарларын, кеңес мүшелерін, ауылдық деңгейдегі билер, аналар және әкелер кеңестерінің мүшелерін қосыңыз. Сонда жүздеген тұрақты қоғамдық қызметке тартылған ардагер ақсақалдарымыз бен ақ жаулықты аналарымыздың шоғырын көре аламыз. Біз өз қызметімізде, міне осынау белсенденді топтың алғырлығына, ұйымдастыру қабілетіне, көпті соңынан ерте білетін көшбасшылық қасиеттеріне арқа сүйейміз. ТІЛШІ: – Тәрбие мәселесі басты назарда дедіңіз. Енді соған кеңірек тоқталсақ.
Қожайхан БИЖАНОВ: – Жыл бойына ардагерлер кеңесінің мүшелері, билер, аналар мен әкелер кеңесінің төрағалары ауылдық округтерде жастармен жоспарлы түрде кездесулер өткізіп тұрады. Білім ошақтары мен балабақшаларда да тәрбие жұмысын ұмыт қалдырған емеспіз. Аудандық аналар кеңесінің төрайымы Түзел Алагөзова, әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғытов, билер кеңесінің төрағасы Тұрсынхан Жаманбаевтардың тікелей ұйытқы болуымен көптеген игілікті істер қолға алынды.
Белсенді қарияларымыз кейінгі кезде жаппай бәсекелестікке айналған той, жиын мен ас өткізудегі орын алып жатқан ысырапқорлық пен даңғазалықты тыю бағытында жұмыстарға бастамашы болуда. Өткенде болып өткен бір шарада аудандық әкелер кеңесінің төрағасы Мырзабек Маңғытов келелі ой қозғады. Кез келген тойды ұлтымыздың ұлық аспабы саналатын домбыра үнімен бастауды ұсынды. Бұл ұсынысты жастар да, жасамыстар да бір ауыздан қолдады. Бұл – бір ғана мысал.
Аудан ардагерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизмге рухында тәрбиелеу мақсатында түрлі шаралар ардагерлердің спорттық шеберліктерін арттыру мақсатында түрлі жарыстар тұрақты ұйымдастырылуда. Түрлі мәселемен келген азаматтардың өтініштерін тыңдап, оның жоғары жаққа жетуіне жұмыс жасаймыз. Халықпен тығыз байланыс орнатып, көп шоғырланған ортаға барып кездесу өткізіп тұрамыз. Жиналыс, іс- шараларға қатысып, жастарға ақыл-кеңесімізді айтамыз. Мешіт имамдарымен бірлесіп діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жұмыс жүргіземіз. «Алуан, алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші қолымыздан келгенімізді жасап,ұрпаққа үлгі, елдің ұйытқысы болуға қызмет істеп жатырмыз.
ТІЛШІ: – «Елдестірмек елшіден» деп жатамыз. Осы орайда аудандық, ауылдық деңгейдегі билер кеңестерінің атқарып жатқан жұмыстарына тоқталсаңыз.
Қожайхан БИЖАНОВ: – Аудандық, ауылдық билер кеңестері негізінен «Медиация туралы» заңды басшылыққа алып жұмыс істеуде. Оның үстіне билер ата-баба дәстүрлеріне адалдық танытып, ежелгі қазақ қоғамындағы билер институтын жаңа жағдайға бейімдеу бағытында ізденістер жасауда. Аудандық билер кеңесінің құрамында тоғыз адам бар. Олардың барлығы өмір көрген, беделді қариялар. Ауылдық округтердегі билер кеңестеріндегі ел-жұртқа танымал, әділетті ту еткен ақсақалдар қара қылды қақ жарып, дауласқандарды, түсінісе алмай жүргендерді, араздасқан көрші-қолаңды татулыққа шақырып, береке мен бірлікке негіз қалауда. Биылдың өзінде аудандық билер кеңесіне оннан аса отбасы шақырылып, жан-жақты әңгімелесу, түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде олар татуласып, бұған дейін сотқа түсірген арыздарын қайтарып алды. Аудандық соттан түскен, ажырасуға әрекеттенген отбасылардың мәселелеріне қатысты 34 ұйғарым қаралды. Оның ішінде 20 ерлі-зайыптылармен жұмыстар жүргізілді. Осындай 14 отбасы шақырылып, қариялар оларға ақыл-кеңестерін айтып, татулыққа шақырды.
ТІЛШІ: – Ауданда ардагерлерді әлеуметтік қолдау жағы қалай ұйымдастырылуда. Бұл игілікті шаруадан ардагерлер ұйымдары тыс қалмайтынын біз жақсы білеміз.
Қожайхан БИЖАНОВ: – Бұл бағыттағы ардагерлер ұйымдарының атқарып жатқан жұмыстары аз емес. Соның нақты бір мысалы, біздің бастамамызбен және «Халық банкі» аудандық филиалының демеушілігімен Құмарық ауылында 22 көпбалалы отбасыға, 4 аз қамтылған отбасыға, 2 мүмкіндігі шектеулі азаматқа, екі толық емес отбасына, он алты зейнеткерге, төрт жалғыз басты анаға әлеуметтік азық-түлік себеті табысталды.
Ал, Қорағаты ауылында жалғызбасты, көпбалалы, азқамтылған, басқа да көмекке зәру отбасыларға шаруақожалықтар тарапынан көмектер көрсетіліп келеді.
Барлық ауылдарда қайырымдылық шаралары ардагерлердің бастамаларымен ұйымдастырылуда. Қаржылай, азық түлік себеттерінен де бөлек, көмекке мұқтаж біршама отбасылардың үйлеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Асарлату арқылы ардагерлердің атсалысуымен кейбір мұқтаж отбасыларға жаңа баспаналар салынып берілуде. Кейбір ауылдардағы мешіттер жөндеуден өтіп, мешіт жанынан асхана құрылыстары да жүргізіліп жатқан жәйі бар.
ТІЛШІ: – Бүгінде қариялардың басты міндетінің бірі – бата беріп, бәтуалы сөз айту. Бұл жағы қалай сіздерде?
Қожайхан БИЖАНОВ: – Халқымыз батаға үлкен мән берген. Батасыз қазақтың дастарханы жиылған емес, той-жиыны басталмаған. Қазір батаның мәні де, мазмұны да өзгерді. Ұлағаты мол, аузы дуалы қариялар біздің ауданымызда аз емес. Батаның мәнін көтеру үшін бәсекелестік керек. Ауылдық деңгейде, аудан көлемінде батагөйлер байқаулары жылда өтіп тұрады. Құлан ауылдық округіндегі 86 жастағы Райзо Шәділбеков, 83 жастағы Санат Отарымбетұлы, Лугавой ауылдық округінен Марат Аханұлы, Көгершін ауылдық округінен Нысанбай Шотайұлы, Абай ауылдық округінен Есенғали Бейсенұлы, Жақсылық ауылынан Әсет Шөпшекбайұлы, Ақбұлақтан Қырқынбай Әденов, Әбжаппар ауылынан Жорабек Әбдікерімов, Қайыңдыдан Жамбылбек Жолтаев, Жаңатұрмыстан Көшкінбай Арзымбетұлы, Жарлысу ауылынан Тұрсынбай Елубаев, Қорғатыдан Аманжол Әлімқұлов, Сөгетіден Құрал Жайнақов, Тереңөзектен Құлмахан Бектұров, Қарақыстақтан Алпысбай Оразов, Құмарықтан Шәкірт Мансұров секілді қарияларымыз ел арасындағы жақсы істің жүзеге асуына бата арқылы рухани демеу беріп келеді. Бұл тізімді одан ары қарай жалғастыра беруге болады. Әрине қариялардың бәрін бата берудің шебері деп айта алмаспыз, дегенмен үлкендер отырған жер батасыз болғанын қаламаймыз.
ТІЛШІ: –«Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылға үміт көп» демекші жаңа жылдың алдында сұхбаттасып отырмыз...
Қожайхан БИЖАНОВ: – Ойыңызды түсіндім, тарихымызға алтын әріптермен жазылып қалатын тағы бір жыл артта қалмақ. Биылғы жыл біздің ұйымымыз үшін атап өтерлік болды. Ойға алған көп міндеттің межесіне жеттік. Әр ардагерді бір-бір ауылдың биіндей десек болады, олардың табысты еңбекке, тәрбиелі тірлікке қосып отырған өз үлесі бар. Оларға қарап кейінгі буын бой түзейді.
Жаңа жылдан күтеріміз мол. Отанымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша азаматтарға бейбіт өмір, тыныштық, мол жақсылық тілеймін. Жаңа жыл үлкен үміт, шаттық пен қуаныштың жылы болсын! Әрбір күніміз жақсылыққа, қуанышқа, шаттыққа және бақытқа толы болсын!
ТІЛШІ: – Сұхбатыңызға рақмет!
Сұхбаттасқан Дариха ҮМБЕТИЯРОВА,
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ»

Обсудить
Блок в статье:
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
03 январь 2025, Пятница
Кеңес беріп, ем-дом жасады
02 январь 2025, Четверг
Адамның бір қызығы бала деген...
02 январь 2025, Четверг
Похожие материалы:
Комментарии (0)