ЕРЕЖЕПТІ ЕСКЕ АЛДЫ

Жуырда Өрнек ауылында қазақ күресінен ауылдық округ ардагерлер кеңесінің мұрындық болуымен, ауылдың белсенді ақсақалдары мен қарияларының, ілкімді азаматтардың қолдауымен Ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан Ережеп Сауқатовты еске алуға арналған турнир өтті.
Өрнек ауылдық округінің әкімі Өмірбек Ботаев кіріспе сөз сөйлеген жарыстың салтанатты ашылуына батырдың туған ағасы Тастемір Бижігітұлы, ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Лесбек Амалов, билер кеңесінің төрағасы Қаржаубай Қосаров, еңбек ардагері Фатима Алтынбекова ауған соғысының құрбаны Ережеп Сауқатовтың балалық кезеңі, жасөспірім шағынан естеліктер айтты. Ал, Ауған соғысы ардагерлері Жамбыл аудандық ұйымының жетекшісі Керім Ізбасаров отаншылдық, ерлік, болашаққа қызмет ету жөнінде артында өшпес із қалдырған жерлес жауынгердің есімі ұмытылмайтынын тілге тиек етті.
2010-2013 жылдары туған балалар белдескен бұл бәсекеге Ерназар, Тоғызтарау, Аса, Пионер, Қаракемер ауылдарынан және Тараз қаласынан да жас балуандар қатысты. Белдесуде 2010-2011 жылдары туған балалар 2 салмақ дәрежесінде, 2012-2013 жылдары туған балалар 4 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз болғандар мен 2-3 орын алғандарға арнайы медальдар, дипломдар мен атаулы сыйлықтар берілді. Жеңіске деген жігерлілік танытқан балуандар да құр қалған жоқ. Оларға ынталандыру сыйлықтары табысталды.
Ал, түйе балуандар сайысында өрнектік өрендер өзгеше ойын өрнегімен көзге түсті. Әлімжан Сағаділда, Динар Абдуллин және Бағлан Еркебұлан жүлделі орындарды бөлісті.
Жарысқа Ережеп батырдың бауырлары, ағайындары, достары демеушілік жасады.
Артынан марқұмның әруағына арналып ас беріліп, құран-дұға бағышталды.
Балтабай АХМЕТОВ,
Өрнек ауылдық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі.
Жамбыл ауданы
Обсудить
Блок в статье:
🔰 Мониторинг қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді
23 апрель 2025, Среда
ӘППАҒЫН АҢСАҒАН ҚАРА ЖІГІТ
23 апрель 2025, Среда
Ұлы Жеңіске – 85 жыл!
23 апрель 2025, Среда
Похожие материалы:
Комментарии (0)