Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11

БАР ИГІЛІКТІ

29 сентябрь 2024, Воскресенье
76
0
Келесі кезекте көшпелі семинаркеңестің бастамашысы болған Ойық ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымның төрағасы Пана Рахманбердіұлы баяндама жасап, өздерінде қабылданған "Елдіктің тоғыз бағыты–жас ұрпаққа бағдар" атты кешенді бағдарлама бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға жеке жеке тоқталды. –"Асар" бағдарламасы негізінен қариялардың бастамасымен жүзеге асырылуда. Ел болып бір отбасына бес бөлмелі үй соғып бердік, төрт үйге күрделі жөндеу жүргізіліп, үш үйге көгілдір отын кіргізілді, екі отбасына қаржылай қолдау көрсеттік. Ойықтан шыққан азаматтардың қолдауымен стадион жаңғыртылды, "Жеңіс"саябағына көрнекті сахна орнатылды, 96 соғыс ардагері мен еңбек ардагерлерінің суреттері ілінді. Ауылымызда "Ауыл аманаты" жобасы аясында 2,5 пайызбен несие алып, жеке кәсібін ашып отырған жүзден аса азаматымыз бар. Олар қыруар тіршілік атқаруда. Ауылымызда әр жылдарда мектеп бітіріп кеткен түлектеріміз жыл сайын елге келіп, бас қосып, ауылымыздың көркейе түсуіне өздерінің үлестерін қосуда. Соңғы жылдары түлектердің қолымен ауылдық округтің аумағында 37 игілікті іс жасалды. Қариялар бас болып, ауыл тұрғындары бір кісідей жұмылып, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.Биылғы жылы "Елдігіміз елеге байланысты" деген ұранмен ішімдіксіз, бұзақысы жоқ, отбасылары берік, үлгілі ауыл боламыз, салауатты өмір салтын ұстанамыз деп бәтуаға келгенбіз. Бұл бағыттағы атқарып жатқан жұмыстарымыз нәтижесіз емес,– деп сөзін түйіндеді Пана Рахманбердіұлы. Облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық "Ғұмыр–Дария" газетінің директоры-бас редакторы Жаңабай Миллионов "Ұлттық құндылықтарды қалыптастыру–ардагерлер ұйымдары қызметінің негізгі бағыты" деген тақырыпта баяндама жасады. – Бүгінде тәрбие жұмысының түп тамыры болып есептелетін ұлттық құндылықтарымыздың бастау алатын алтын бесігі ауыл екендігінде ешкімнің таласы бола қоймас. Олай болса біздің бастауыш ұйымдарымыздың , әсіресе ауылдық округтердегі ардагерлер кеңестерінің қызметінің негізгі бағыты – ұлттық құндылықтарды жаңғырту, қалыптастыру, ұрпақ бойына сіңіру болып қала беретіндігі сөзсіз. Пендеңнің шыр етіп дүниеге келуінен бастап, ақ жауып арулап ана дүниеге аттандырғанға дейінгі күллі рәсімдердің тізбегінің барлығы, меніңше сол қазақы құндылық деп әспеттейтін ұғымның шеңберіне кіретін болар. Соңғы жылдары, туралап айтатын болсақ сөз еркіндігі, ой еркіндігі, еңбек ету, тұрмыс құру, өмір сүру еркіндігі қолға тиген тәуелсіздік жылдарында іргеміз әжептеуір ажырап қалдық-ау деген ұлттық құндылықтарымызға бір жағынан жақындай түскендей болдық, екінші жағынан алшақтап бара жатқан сияқтымыз. «Қазір не көп, той көп» деп жатамыз. Бір жағы бұл өмір шындығы. Екінші жағы қанша жерден біздің оппоненттеріміз аузын қу шөппен сүрткенімен, қазақтың тұрмыс жағдайы, өмір сүру сапасы жақсарды. Қазақ қазақ болғалы баласының туғанына да қуанады, күлгеніне де, жүргеніне де қуанады. Қуанған қазақ не істейді, той жасайды. Ал енді бұған бес, он жыл сайын келіп отыратын мүшел жасты қосыңыз. Қыз ұзатылады, ұл үйлі болады. Осының бәріне қазағым жарылып, аста-төк той береді. Ауыр болса да айтуға тура келеді, өмір бар жерде-өлім бар. Осындайда қазақтың ыңғайсыздау мақалы еске оралады. «Өлім бардың малын шашады, жоқтың...» Бүгінде өлікті шариғат тәртібімен және қазақы дәстүрмен жөнелтуде бізде қалыптасқан бір тәртіп болмай тұр. Адамның беті әрі қараған сәттен бастап, кәдімгідей бір тойға дайындалғандай қос қос жылқы сойылады, тізбектеліп қойлар қатар қойылады. Бір жағы адамын жоқтап жылап жатады, екінші жағы табақ табақ ет тартып, кісі күтіп жатады. Келіп-кетіп жатқан адамдарда сан болмайды. Көше сандалып бос жүрген азаматтардың барлығы бірер күн өлік шыққан үйді жағалайды. Тойды, өлікті шығарып салуды таусылмайтын, бірін-бірін қайталайтын мәнсіз, мағынасыз сөзжарысқа айналдырамыз. Тіптен ұят, сөзді білгенде сөйлейді, екі ауыз әңгіменің басын құрай алмайтындар да сөйлейді. Той жасау мен өлген кісіні соңғы сапарға шығарып салу рәсімін қалай реттеуге болады? Міне осы арада ауыл ақсақалдарының, дін өкілдерінің, белсенді азаматтардың батыл шешімі, жанашырлығы, ықпалды әрекеті өтемөте қажет. Ауылдың ардагерлер ұйымының төрағасы, ауылдың имамы, ауылдағы қауымдастық өкілдері бірлесе отырып, тұрғындармен өзара мәмлеге келулері керек. Байы бар, бағыланы бар, орташасы бар, тұрмысы төмендері бар, пікірлесе, ақылдаса келе бір тоқтамға келгендері жөн. Көпшілік болып ортақ шешімге келсек, түкпілікті шешімді ауылдың ақсақалы мен биі, имамы айтса, басбұзар біреу болмаса ешкім қарсы келе қоймайды. Міне біздің ардагерлер ұйымдары осындай елдік шаруаларға бастамашы болулары керек,– деп сөзін түйіндеген баяндамашы белсенді ардагерлердің қоғамдық қызметіне табыс тіледі. Көшпелі семинар - кеңеске қатысушылар жиын қортындысында облыстың барлық ардагерлеріне Үндеу қабылдады.(Үндеу газетіміздің осы санында жарияланып отыр) Семинар кеңестің жұмысын облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев қортындылады. "ҒҰМЫР – ДАРИЯ" – АҚПАРАТ
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры