БІРЛЕСЕ АТҚАРҒАН ІСТЕ БЕРЕКЕ БОЛАДЫ
Жаңаталап ауылында іс сапармен болған кезімізде ауылдық округтің әкімі Темірлан Амандықұлы Әбдіраев пен ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбек Елеусінұлы Пернебаевтың тіл табыса тірлік етіп жатқанының куәсі болдық. Ауыл басшысы мен ардагерлер жетекшісін сөзге тарта отырып, олардың әңгімесінен ынтымағы жарасқан елді мекенде атқарылып жатқан талай игілікті істерге құлақ құрышы қанды.
ТІЛШІ: Қариялы ел – қазыналы ел екеніне ешқандай дәлелдің қажеті жоқ. Аузы дуалы, сөзі уәлі ақсақалдары бар ауылдарда іс алға басып, жақсы үрдістер жарасымын тауып жатады. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жанат Жұмаділдаев Сіздер туралы осындай жақсы пікірде екен, бірлесе атқарып жатқан берекелі тіршіліктеріңіз туралы өз ауыздарыңыздан естісек.
Темірлан АМАНДЫҚҰЛЫ: Жаңаталап – менің туып-өскен ауылым. «Келісіп пішкен төн келте болмас» деген бар ғой, ауылға қатысты мәселелерді тұрғындармен келісе отырып шешкенді жөн санаймын. Өйткені, оларға ауылдағы барлық ахуал белгілі. Ал, өмірлік тәжірибелері мол қариялар маңызды мәселелерді біліп қана қоймай, соларды шешудің жолдарын көрсетіп, түйінін тарқатып бере алады.
Дүйсенбек ЕЛЕУСІНҰЛЫ: Темірлан дұрыс айтып отыр. Қандай мәселе болса да, алдымен ауыл тұрғындарына мәлім. Кез-келген істі жүйелі жүзеге асыруда әкім мырза аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесіне жүгінетіндігін құптаймын. Бірлесе атқарған жұмыста береке болары сөзсіз.
ТІЛШІ: Құрғақ ақылдан, «иә» деп бас шұлғи бергеннен түк шықпайтыны белгілі. Ауылдың жалпы жай-жапсарынан мағлұмат беріп, атқарылып жатқан істерді рет-ретімен айтқандарыңызды қалар едім.
Темірлан АМАНДЫҚҰЛЫ: Округ аумағында екі елді мекен – Жаңаталап және Ұйым ауылдары бар. 268 түтінде 1902 адам өмір сүріп жатыр. Екі елді мекенде де орта мектеп (Жаңаталап және Ы.Сүлейменов атындағы), екі шағын орталық, екі кітапхана, екі клуб, екі медпункт жұмыс істейді. Аралас тауарлы 6 дүкен тұтынушыларға қызмет көрсетуде. Ұйымда ауыл шаруашылығы өндірісіне мамандар дайындайтын колледж бар.
Жастарды имандылыққа тәрбие-лейтін, адамдардың Құдайға құлшылық міндеттерін атқаруға мүмкіндік туғызатын екі мешіттің есігі әрқашан ашық.
Дүйсенбек ЕЛЕУСІНҰЛЫ: Округ әкімі айтқан әлеуметтік нысандардың бар екені де, жұмыс істеп тұрғаны да рас. Бірақ, олардың ішінде пайдалануға берілгеніне көп уақыт өткендері де бар. Міне, осы орайда ескіргендерін жаңалауда ауыл тұрғындарының талап-тілегі ескеріліп, ардагерлердің бастама көтеруімен, мұрындық болуымен атқарылған істерді айтсам ба деп едім. Округтегі шешуі кезек күттірмейтін мәселе – Жаңаталап ауылындағы орта мектептің жағдайы. Әңгімені әріден бастасам, өткен ғасырдың сексенінші жылдарында аупарткомның бірінші хатшылары болған Н. Төрғаев, Е. Солтыбаевтарға өтініш жасап жүріп, жатақхана есебінен ыңғайластырылған мектеп салынған болатын. Одан беріде, осындан 4-5 жыл бұрын, сол мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге, жанынан мәжіліс, спортзалдарын, асхана салып беруге өтініш жасадық. Мектеп күрделі жөндеуден өткізілді. Қалғандары алдағы жылдарда атқыралатын жұмыстар жоспарына енгізілгеніне қуаныштымыз. Басталған істердің жалғасын табатындығынан үміттіміз.
ТІЛШІ: Ауылдық округтегі қоғамдық өмірге ардагерлердің қатысуы, олардың белсенділігі, әлі де шаруадан қол үзбеген кәсіпкер қариялар туралы естігіміз келеді.
Темірлан АМАНДЫҚҰЛЫ: Екі елді мекендегі ұзындығы 112 шақырымдай болатын көшелер түгел асфальтталған. Тек, бірер қысқа көшелерден басқасы. Жаңаталапта орталық көшедегі асфальт жабындысын жаңалау жоспарланып отыр. Барлық көшелер жарықтандырылған. Ауызсу мәселесі де шешілген. Ауылдарға «көгілдір отын» келеді деп күтілуде. Көшелерге, үйлердің кіреберістеріне құбырлар тартылып қойылған. Амандық болса, ауыл тұрғындарының табиғи газ тұтынатын күндері де алыс емес.
Біреу қозғау салмаса, биліктің алдына мәселе қоймаса, осы жұмыстар атқарылар ма еді? Міне, осы жерде ардагерлердің бастамалар көтеріп, игі істерге мұрындық болып жүргенін айтуымыз керек. Мен елдің сөзін сөйлейтін белсенді ардагерлер қатарында Айдар Исаев, Ізтай Орынтай, Ерден Бөгенбаев, Қалдыбек Майханов, Марат Жылқыбаев, Ғалия Алпысбаева, Нұрбала Бегеева, Ләззат Мұсабекова, Мұрат Сұлтанбеков, Дүкен Наурызбаев, Сайлаубек Қабылбеков, Таңат Серғұлиев, Болат Науанов, Әбдіхалық Мысықбай, Тәуір Смайылова, Қалдыбике Жүсіпәлиева, Тазабала Бестерекова, Гүлназ Сарыпбековаларды атар едім. Бұл кісілердің қоғамдық белсенділігін атап өтуіме болады. Өйткені, көпшілік ісіне қал-қадірлеріне қарай үлестерін қосып жүр.
Заман талабына сай, кәсіпкерлікпен айналысып жүрген қарияларды да атын атап, түсін түстеп айтуға тиістімін. Егіншілікте Әлібек Асқар, Әуес Сұлтанбеков, мал шаруашылығында Бақытжан Түлкібаев, Ертай Жамбаев, Бауыржан Саржанов жастарға үлгі көрсетсе, Қожамұрат Ишанқұлов, Алдаберген Есмаханов, Ерден Бөгенбаевтардың сауда дүкендері бар, олар халыққа мінсіз қызмет көрсетуде.
Дүйсенбек ЕЛЕУСІНҰЛЫ: Өткенге құрмет – кейінгіге міндет. Округ аумағындағы Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлерге орнатылған ескерткіш жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады. Тек, соны насихаттай білу керек. Олар бейбіт өмір, мына жүрген біздер үшін қан төгіп жандарын пида етті ғой. Осы орайда, Ардагерлер аллеясының да үлкен тәрбиелік мәні бар. Онда жастар ел экономикасының дамуына қажырлы еңбектерімен үлес қосқан ата-апаларының өмір жолдарынан хабардар болады.
Осы жерде «туған жерге туыңды тік» ұстанымымен, өздері сыртта жүрсе де, ауылымызды абаттан-дыруға, мектебімізді жарақтандыруға көмек қолын созған жерлестеріміз Кеңесбек Егізбаев, Ораз Әлтішев, Аян Өтепбергендерге алғысымыз шексіз.
Саналы ғұмырын сыртта өткізіп, әртүрлі лауазымды қызметтер атқарған Кеңесбек ағамыз Жаңаталап ауылында тамаша демалыс саябағын ашып берді. Саябақ болғанда да, анау-мынау ауылдар түгілі аудан оталықтарында жоқ керемет саябақ. Аумағына неше түрлі сәндік және жеміс ағаштары отырғызылған. Арық бойына орнатылған орындықтар, орта тұстағы алаңшадағы жиналып әңгіме-дүкен құрып отыруға арналған бастырма, келушілер серуендеп жүретін жаяужол, бәрі-бәрі жаңа үлгіде жасалған. Кеңесбек ағамыз осының бәріне 17 миллион теңгедей қаржы жұмсапты.
Қазақ – атқұмар халық. Ауылдарда ат спортына бейім жастар көп. Тіпті, делебесі қозып, көкпарға араласып кететін егде жастағы ер азаматтар да бар. Осы ауылдың тумасы, кәсіпкер Ораз Әлтішев ағамыз ауыл маңынан атшабар салып берді. Ат спорты ойындарын тамашалайтын көрермендерге орындықтар қойылып, бастырма орнатылған. Кәдімге футбол стадионы сияқты. Жайлы, айнала жақсы көрінетін жерде. Ол кісі де 7-8 миллион теңге көлемінде қаражат жұмсады.
Әлемдік кино өнері байқауларында әртүрлі жүлделер олжалап жүрген «Жаужүрек мың бала» көркем фильмінде басты рөлді сомдаған өнер саңлағы Аян Өтепберген және ауылдан шыққан Бақыт Тындыбаев, Рахымбек Исаевтар да мектеп ауласына 100 түп алма ағашын отырғызып, теледидар, компьютер алып берді.
Алыста жүрсе де ауылын ұмытпаған, оны абаттандыруға үлес қосқан бұл азаматтарды мақтаймыз да, олармен мақтанамыз да. Олар жұмсаған қаражаттарын санап жатқан жоқ, мен ғой мысал үшін айтып отырған.
Осынау жақсы істердің, игілікті бастамалардың басы-қасында біз-дің белсенді ардагерлеріміздің жүретіндігін атап айтуға тиістімін.
ТІЛШІ. Тіл табысып тірлік жасаған жерде бітпейтін іс болмайды. Ауыл ардагерлерінің өздерінің төл басылымы «Ғұмыр-Дария» газетіне жазылуының жайы қалай?
Темірлан АМАНДЫҚҰЛЫ: «Баспасөз – өмір айнасы» қағидасын жастайымыздан жадымызда жаттап өскен ұрпақтанбыз. Бірақ, соңғы кездері газет-журналдарға жазылу жайы қиындап кеткені жасырын емес. Соған қарамастан, үгіт-түсінік жұмыстарын барынша жүргізіп жатырмыз.
Бұл істе ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, үлкен-кішімен тіл табыса білетіін Дүйсенбек ағаға сенім артамыз. Өйткені, ол кісі – сенім үдесінен шығатын жан. Сеніммен айтып отырғаным да сондықтан.
Дүйсенбек ЕЛЕУСІНҰЛЫ: Темірлан дұрыс айтып отыр, жұртты газет-жуналдарға жазылдыру – қиындау. Бәрі де теледидардан көрген, интернеттен оқығандарынан жаңалыққа қарық болып қалатындай көреді. Тасқа басылған дүниедей қайдан болсын! Ойыңда қорытып, оқиғасына қанығып оқисың. Қызықты танымдық мақалаларды қажет болса, қайталап оқисың. Әсіресе, жады жоғала бастаған ардагерлер үшін тиімдісі – тасқа басылған дүниелер ғой.
Адам қартайған сайын дүниеге жақын келетіні – өмір шындығы. Сонда да болса, жаңалықтың жаршысы, жақсы істердің хабаршысы, тіпті, тәжірибе алмасу мектебі деуге де болады, газет-журналға жазылу керек. Осы жерде қарияларға қол ұшын созатын жомарт жүректі жандар болса ғой, шіркін! Баталарын алады, алғысқа бөленеді. Тым болмаса, үйіндегі ата-әжесіне немесе әке-шешесіне төл басылымдары – «Ғұмыр-Дарияны» жаздырып берсе, қандай ғанибет!
«Ғұмыр-Дария» – тәрбиелік мәні жоғары басылым. Біріншіден, облыстағы ардагерлер ұйымдары жұмыстарынан, тыныс-тіршілігінен хабардар боласың. Екіншіден, ондағы мерейжасқа жеткен ардагерлер туралы жазылған очерк, суреттемелердің де тәрбиелік мәні бар. «Біреудің өмірі біреуге несі қызық?» деп ұшқары ойлайтындар бар. Әрбір адамның өмірі – бір-бір тарих. Кез-келген адамның өмірінде өнеге боларлық, үлгі аларлық тұстары болады. Осыны ұмытпау керек.
Мен өзімнің төл газетіміз – «Ғұмыр-Дарияны» насихаттап, жазылушылар қатарының көбеюіне барынша атсалысамын. Оған толық мүмкіндігім бар. Әкім інім (Темірланды айтып отыр) арнайы қызмет бөлмесін берді, дос-жаран, тілеулестер оны жабдықтауға, безендіруге үлестерін қосты. Енді тек қана белді бекем буып, білекті сыбанып жұмыс істеу керек. Өткен жолы округ бойынша 40 дана «Ғұмыр-Дария» газетін жаздырып алғанбыз. Жүріп жатқан баспасөзге жазылу науқанында көрсеткішіміз одан асып түспесек, кем болмайды! Бұл – біздің ұстаным. «Берліген серт» деп қабылдасаңыздар да болады. Біз берген сертке берікпіз!
ТІЛШІ: Сіздермен сұхбаттасу барысында «болар елдің баласы бірін-бірі батыр дейді» деген ынтымақты ықыласты аңғардым. Бірлескен істе береке бар. Істеріңіз ілгері басып, бірліктеріңіз нығайып, тірліктеріңізге береке тілеймін.

Болат ЖАППАРҰЛЫ,
«ҒҰМЫР-ДАРИЯ».
Сарысу ауданы.
Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)