Еңбек ескерусіз қалмайды
Мен туып өсіп, алғашқы еңбек жолымды бастаған Шу ауданында, алғаш рет Қазақ даласында өшуге айналған Қазақтың құсбегілік өнеріне арналған “Қауырсын” құсбегілер клубын құрып, арнайы “Тас-Түлек” фильмін түсіріп, бұл фильм көп елдерге де танылып, Америка, Венгрия, Болгария сияқты елдерге шақырылып, Гинестің рекорттар кітабына еніп, Шу ауданының, облыстың абыройын асырып жүргенімізкеше ғана. Сол кездегі Шу аудандық партия комитетінің бірінші, екінші хатшылары Нұрғали Торғаев, Жәнібек Майханов осынау істің басында жүрген мені арнай шақырып, кезексіз “Москвичь” автокөлігін алуға рұқсат беріп тұрып: “Елін танытқан еңбек адамы ешқашан ескерусіз қалмайды деп”, зор қуанышпен қабылдап өзімді де, өзгені де ерекше қуантқаны күні бүгінге дейін есте. Қырық жыл өткеннен кейінгі бұл әнгімені қайта еске салып отырғаным – қасиетті Шу өңіріндегі өнегелі істер әрқашан жалғасын тауып, күнбе күн жаңарып отырғандығында ғой деп ойлаймын. Жақында ғана Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан Шу ауданындағы Балуан Шолақ ауылының ардагерлер ұйымының төрағасы Ескелді Текебаев мырза ауылында Жаңа Қазақстанға жат тәртіпсіз қылмысты іс болмағандығы ескеріліп, Алғыс хат алды.
Талайды танқалдырып Қазақстанға жайылған мұндай өнегелі іске қалай қуанбассың.
Ақылға салып, тереңінен ойлар болсақ, Мемлекет басшысы назар аударып отырған ауылдағы табыстың астарында табанды еңбек, үлкен ізденіс жатыр деп ойлаймын. Бұл жерде аудандық ардагерлер ұйымының, ауылдық округ ардагерлер ұйымының бірлесіп атқарған белсенді қоғамдық еңбектерінің шынайы нәтижесін, ауыл халқының саналы да, сауатты, салауатты тірлігін көруге болады.
Мемлекет басшысының «Заң жән тәртіп» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстың нақты нәтижесін Балуан Шолақ ауылының мысалынан нақты көріп отырмыз. Бұл жетістік – көптің ынтымақты, берлесе атқарған еңбегінің жемісі.
Елінің атын – Ерлер шығарады, – деген осы емес пе!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Жапар САТЫЛҒАНОВ
Республикалық “Жігер”
фестивалінің лауреаты,
Қазақстан Журналистер
одағының мүшесі
«Алтын медалінің» иегері
“Ұлы Шаңырық” газетінің бас редакторы
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары
01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3!
30 июнь 2026, Вторник
Тәрбие жұмысына бәріміз жауаптымыз
30 июнь 2026, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)






