
Шу аудандық кітапханасында Жасыл ел бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүрген жастармен Жұмысшы мамандықтар жылына орай кездесу өткіздім. Өз басым еңбек жолымды жастарға кәсіптік білім беру мекемесінде бастап, ауылдардан жиналған жастарға ауыл шаруашылығына қажетті мамандар — механизатор, товарлы сүт фермаларына қызмет көрсететін слесарь мамандықтарына жастарды үйретіп, шаруашылықтардың жұмыстарына практикаға апарып, араластырып, маман болып шығуларына ат салысқан едім. Сол тәжірибеммен, одан кейінгі еңбек жолым, саяси ұстанымым және болашаққа көзқарасым жәйлы әңгіме қозғадық. Жастарды ерінбей еңбек етуге, аталарынан, әкелерінен шаруашылық тізгінін қолға алып, еңбек етуге шақырдым.
Шу аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Өмірәлиев.