Ұлылық
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында Жаңа Қазақстан жасау жолында атқарылатын ауқымды істер жайында айта келе, жұртқа жағымды бірқатар жаңалықтарды жария етті. Сол жағымды жаңалықтардың бірі – Қапшағай қаласына Д.Қонаев есімін беру жөніндегі ұсынысы.
Алты Алаштың ардақтысы болған асыл азаматтың есімін мәңгі есте қалдыру жөніндегі бұл жаңалыққа қуанбаған адам жоқ.
Осы тарихи оқиғаға орай Дінмұхамед Қонаевпен дидарласқан ел азаматы, өңірге танымал тұлға Өмен Қырғызбаев туралы ойда жүрген естелігімді оқырман назарына ұсынуды жөн көрген жайым бар. Жылы қабылдайтындарыңызға сенімдімін.
– Димаш Ахметұлы Қонаевтың шақыртуымен үйінде болдым. Біртуар дана адаммен жүзбе-жүз дидарласып, аз-кем әңгіме-дүкен құрып, ол кісінің өз қолынан дәм-тұз татқан сол бір сәтті күн мен үшін зор бақыт, мәңгілік естелік қой,-деп оңаша бір отырыста Өмен Қырғызбайұлы маған сыр ғып айтқаны бар.
Өмірден ертерек озған нағашы ағамызды сағынып еске алғанда оның осындай әңгімелері ойға оралады. Иә, бір мен ғана емес, ол кісіні замандастары, бірге жұмыс атқарған әріптестері де егіле еске алатын жөндері бар. Ұлы Отан соғысының қарсаңында дүниеге келіп, уақыт озған сайын қатарлары сиреп бара жатқан ағаларымыздың жүріп өткен жолдары, сол жолда көрген мехнаттары мен тартқан тауқыметтері кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге, тәлімі мол тәрбие мектебі десек, артық айтқандық бола қоймас.
Өмірі өнеге, есімі елге елеулі сондай танымал тұлғалардың бірі, туған өлкеміздің мақтан тұтар түлегі Өмен Қырғызбаев еді.
Әкесі Қырғызбай майданнан оралмай, балдәурен балалықтың базарынан баз кешкен Өмен халық басына ауырлық түскен сын-сағатта сағы сынбай, ауыртпалыққа мойымай, ерте есейіп, еңбекке араласты. Мектеп бітірісімен ұжымшардың әртүрлі жұмыстарына жегіле жүріп, келер жылы Алматыдағы Қазақ ауыл шаруашылығы институтына құжат тапсырған. Жыртық үйдің Құдайы бар, жолы болып оқуға түседі.
Институтты тәмамдаған соң, қайран, 25-тің жалына мықтап жармасқан жігерлі де өжет жігіт Өмен 1962-1969 жылдар аралығында Меркі аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға агрономы, Жданов атындағы ұжымшардың бас агрономы, Меркі аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, «Меркі» асыл тұқымы қой кеңшарының бас агрономы сынды бірқатар жауапты қызметтер атқарып, біраз тәжірибе жинақтады. Ол 1969-78 жылдары XXII-партсъезд, 1978-84 жылдары Жамбыл атындағы ұжымшарлардың басқарма төрағасы болды.
Ұйымдастырушылық қабілеті мен ізденімпаздығы, еңбекке деген құлшынысы Өмекеңді биіктен-биікке көтеріп, елдің ықыласына бөленді. Жамбыл облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, облыстық Тәжірибе станциясының директорлығы қызметінде ізденісі мен іскерлігі ғылыми жұмысқа ұласып, нәтижесінде экономика ғылымдарының кандидаты атағын сәтті қорғап шығуы бөлек әңгіме. Сондай-ақ, ол – Меркі аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, аудан әкімі қызметтерін аса жоғары деңгейде атқарып, өлкеміздің өркендеуіне, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына, жалпы ауданның жан-жақты дамуына ақыл-ой, күш-қайратын аямай жұмсаған білікті басшы. Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен, Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталуы оның көптің бірі емес, айтулы азаматтардың санатынан екенін айғақтаса керек. Партиялық қызметтің қазанында қайнап, «халықпен жұмыс істеудің жөні осы екен» деп кеңестік кезеңдегі керегар саясаттың ықпалына ыға бермей, біруақ ата-баба әруағы алдындағы перзенттік парызын өтеуді де естен шығарған жоқ. Халық депутаттары Меркі аудандық кеңесінің төрағасы қыметінде жүргенінде жатпай – тұрмай Сыпатай батырдың көнерген күмбезін жаңғыртуда өзі басшы, О.Үмбетов, Ә.Беріков, С.Төлендиев, Ә.Айнақұлов ақсақалдар ақылшы болып атқарған жұмыстары өз алдына бөлек әңгіме.
"Атамыздың рухын әспеттегендер демеп кетті. Ел-жұрттың пейілі күмбездің қабырғасы ертерек қаланып, шаңырағы көтерілуіне ауды. Батыр ұрпақтары- біздерден ұйқы қашты. Күмбез көркінің келбетті болуы бізге қатты сын еді. Ел қатарлы менің де шыдамым кетіп, көңілім тыныш таппады» деп Сыпатай батыр туралы «Әруақ қонған киелі ел» атты кітабында ағынан жарылғаны бар.
«Ұйқы қашты» дегенінен шығады, күмбездің жайын ойлап, ұйқы көрмей төсегінде дөңбекшіген Өмекең түннің бір уағында сонау Түркістандағы құдасы Байталиев Ташболатқа қоңырау шалады.
– Жайшылық па?- дейді Төкең дегбір таппай
– Қайдан жайшылық болсын, Сыпатай бабамыздың күмбезіне кірпіш керек болып тұр.
– Кірпіш дейсің бе? «Уһ» жүрегім енді орнына түсті ғой,-деп Төкең өрекпіген көңілін зорға басыпты.
Мәселенің мәнісіне қаныққан Ташболат Байталиев Самарқанның көк тасындай сирек кездесетін тіні берік, ыстыққа да, суыққа да төзімді кірпіштер алуға қол ұшын беріпті. Бұл – бір ғана мысал.
Ұрпақтан – ұрпаққа аманат саналатын сауапты істі ел-жұрт болып тәмамдап, көңілін бір демдеген Өмекеңнің алдында әлі де жауапкершілігі мол қыруар қам-қарекет күтіп тұр еді. Ата-бабаларымыздың сан ғасыр арман-аңсарына айналған Тәуелсіздігіміздің арайлы таңы атқан алғашқы жылдардағы ескі мен жаңаның күресі, сондағы қаржы-қаражат тапшылығы кім-кімге де оңайға соқпағаны аян.
Аудан әкімі Өмекең үшін мазасыз күндер мен тынымсыз түндер тағы да басталды.
Бірақ, Өмекең бұған да төтеп берді, сан-салалы шаруаның ығын тауып, бұл сыннан да сүрінбей өтіп, ауданды алға сүйреп, тығырықтан алып шықты.
Осынау алмағайып елең-алаң шақта сыр бермей, еселенген еңбегімен ел еңсесін тіктеп, аудан экономикасының бүйірін томпайтуға үлес қосқан дихандар мен малшылар қауымының слетін өткізуді қолға алған Өмекең қызметтестерімен ақылдаса келіп, Д.А.Қонаевты жаз жайлауы Сандықтаудың төсінде өтер дәстүрлі тойдың төріне отырғызып, құрмет көрсету ниетімен ол кісіні шақыруға адам жіберген.
Малшылар слетіне дайындық ісіне жұрт болып жұмылған қауырт шақта Өмекеңе екі апталық тыңдау курсына шақырту келіп, ол шұғыл түрде Алматыға аттанып кетті. Сол Алматыда жүрген жерінде Димекең оны үйіне шақыртып алады. Өмекеңнің сондағы, сол үйге барардағы толқуы өзгеше еді.
Есікті Димекеңнің өзі ашып, қол алысып, есен-саулық сұрасып, күнде келіп-кетіп жүрген етене жақын адамындай емен-жарқын қарсы алуы Өмекеңнің «үлкен кісінің алдында қалай болар екен?» деген күмәнін әп- сәтте сейілтіп жіберген. «Ұялған тек тұрмас» дегендей. Өмен:
– Аға, шайды мен құяйын,-дейді ғой,әдептен аспай. Сонда Димекең:
– Сіз – қонақсыз, шайды үй иесі құяды. Ол – мен, одан да сіз ауылыңыздың жаңалығын, ел-жұртыңыздың амандығын, көңіл-күйін, жұмыстарыңыздың барысын баяндай отырыңыз. Тек қысылмаңыз,-дейді. Өмен ойланып қалады. Соны сезгендей Димекең: «Ел басқару, көптің көңілінен шығу, қолға алған жұмысты бірден жандандыру оңай шаруа емес. Әсіресе, қазіргідей жағдайда. Өйткені, «партия айтты, бітті» дейтін баяғы кеңестік кезең емес. Енді жаңаша ойлап, жаңаша өмір сүру – заман талабы» деген дуалы ауыздан шыққан, салиқалы сөзі көкейінде көптен тұнып, өзін мазалап жүрген сауалы бар, жауабы жоқ мәселелердің түйінін тарқатқандай болған Өмекең Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқан алғашқы жылдардағы қаржы тапшылығы, жекешелендіру жүйесіндегі қиындықтарды бастан кешіргенін, енді-енді беті бері қарап, шаруаның оңалып келе жатқанын, басқа да маңызды мәселелер төңірегінде ұзақ әңгімелеп берді. Айтуын айтса да, « Мұныма не дер екен? Әлде...» деген баланың әкеге қарайлағанындай екіұдай күйде еді.
– Оларың дұрыс екен, дегенмен, «нарықтық саясаттың жөні осы екен» деп жүргендеріңде қарапайым халық қиналып қалмасын. Осы жағын естен шығармау керек,- деді ақылман ағасы.
Жасы ұлғайып, кәрілік дендеп, қарттық қаусыра бастаған шағында Құдай қосқан қосағы, өмірлік серігі Зухрасы о дүниелік болып жаны жабырқап, көңілі құлазып жүрсе де, екі сөзінің бірінде: «Халқым», «Елім-жұртым» деп еміренуін «ұлылық деген осы екен-ау» деп іштей толғанды Өмен. Толғаныс үстіндегі бойын бір тың серпіліс билеп, түксиген бүркіт қабағы бұлттан шыққан күндей ашылып, кең маңдайы жазылып, алақандай көз жанарында, сұсты жүзінде жылылық лебі есіп, кісіліктің, кішіліктің мектебінен өткендей болған Өмен дара да дана Димекең ағасымен қимай қоштасты. Сонда Димекең:
«Мені әурелеп қайтесіңдер, қысы-жазы еңбек етіп тер төккен еліңді құр-меттеп, еңсесін көтерсеңдер болғаны» деп едім, оған көнбедіңіздер. Ол жаққа баруға Алла жазса, көрерміз. Ендігісін Асекең (А.Асқаров) ағаңмен хабарласып, біліп тұрарсыңдар» деген еді. Амал қанша, қайта көрісуге Алла жазбапты...
«Димекеңмен дидарласқан сол бір күн мен үшін зор бақыт» дейтін Өмекеңнің өзі де бейнетінің зейнетін көрер шағында бақиға аттанып кете барды. Инабатты, ибалы мінезімен, басалқалы сөзімен, табиғат сыйлаған ажар-көркімен айна-ласына шуақ шашып, аяулы ана, асыл жар бола білген өмірлік серігі Рабиға да араға 4 жыл салып өмірден озды.
Қырғызбай әулетінің Өменнен тараған ұлдары ұяға, қыздары қияға қонып, немере-шөбересі бар, өсіп-өнген әулеті бүгінде бір қауым ел. Осындайда «адам ұрпағымен мың жасайды» деген аталы сөзге тоқтап, өткенге – салауат, тіріге – аманат» дейсің шүкіршілікпен. Аманат демекші, Өмекең жүріп өткен жол- кейінгі ұрпаққа еңбек етудің үлгісі, өнеге өзегі. Өзінің туып-өскен өңірінің өркендеуіне, жан-жақты дамуына білім-білігін сарқа жұмсап қызмет еткен қарымды қайраткер болғанын бүгінгі көзі тірі замандастары, жалпы ел-жұрты жақсы біледі. Олар Өмен Қырғызбаевтың өзі арамызда жоқ болса да, үстіміздегі жылы туғанына 85 жыл толған мерейжасына орай оның есімін құрметпен еске алады.
Иә, елі үшін еңбек еткен ер-азаматтың есімі ешқашан ұмытылмайды!
Амангелді ӘМЕТҚҰЛОВ,
Меркі ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы,
Меркі ауданының Құрметті азаматы.

Обсудить
Блок в статье:
СТАЛИНГЕ ХАТ ЖАЗҒАН ҚАРИЯ
20 ноябрь 2024, Среда
КӘСІБІ – ТРАКТОРШЫ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Сейітхан ЖҰМАШЕВ, Жуалы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы: ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ІСІМІЗГЕ СЕРПІН БЕРЕДІ
18 ноябрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)