Даңғазасыз той, ысырапсыз ас өткізу өте өзекті
Еңсебек Әбсалямов, Жуалы ауданы Билікөл ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Менің осы қоғамдық қызметте жүргеніме 10 жылдың көлемі болыпты. Бүгінгі қаралып отырған мәселелердің маңызы өте зор. Даңғазасыз той, ысырапсыз ас өткізу өте өзекті болып тұр. Бізде бұрындары қайтыс болған кісінің жаназасында ақша, жыртыс тарату, бейіт басында үлкендерге шапан жабу әдет болатын. Осынау теріс әрекеттерді тоқтату мақсатында ардагерлер кеңесі көп жұмыс істеді. Ауыл қарияларының басын қосып ақылдастық, белсенді азаматтарымыздың ұсынысын тыңдадық. Ауыл имамы Жәнібек Аптауов тұрғындар арасында шариғат ережелерін түсіндірді. Еңбегіміз зая кетпеді. Жаназа және ас өткізу кезінде аста-төк ысырапқа жол берілмейтін болды. Рамазан айында бізде ішімдік сатылмайды. Соңғы үш жылда асарлатып үй салу жобасы бойынша 3 баспана салынып мұқтаж жандарға берілді. Той өткізу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі облыстық ардагерлер кеңесінің бастамасын қолдаймыз. Және бұл бағытта біздің белсенді ардагерлеріміз той өткізетін азаматтармен түсіністікпен жұмыс жүргізетін болады.

Обсудить
Блок в статье:
Даңғазасыз той, ысырапсыз ас өткізу өте өзекті
29 январь 2025, Среда
Ардагерлер ұйымдарының қызметінде бос уақыт деген болмайды.
29 январь 2025, Среда
«Отбасындағы кикілжіңдер және одан шығу жолдары»
26 январь 2025, Воскресенье
Похожие материалы:
Комментарии (0)