Ұйымға жаңа төраға сайланды
Қазақта «Ел ағасыз болмайды, тон жағасыз болмайды» деген жақсы бір сөз бар.
Өткен аптада сондай аймағымыздың ел ағаларын топтастырып отырған Жамбыл облысы әкімдігі бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы өтті. Осы ұйымның бұған дейін төрағасы болған Сағынхан Әмреқұлов ағамыз жыл басында қайтыс болған еді. Бастауыш ұйымның төрағалығы міндетін осы уақытқа дейін атқарып келген Гүлжахан Мамешова есеп беру-сайлау жиынында баяндама жасады. Баяндаманы талқылауға ұйым есебінде тұратын қоғам қайраткерлері Сланбек Алдабергенов, Нілзия Рахишева, осы жолдардың авторы және басқалар белсене қатысты. Ұйымда атқарылған жұмыстарға, ардагерлердің қоғамдық қызметіне жоғары баға берілді. Олар бастауыш ұйымның жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалады.
Облыс әкімдігі бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру–сайлау жиналысына қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев ұйымның облыс ардагерлер қозғалысындағы көшбасшылық рөліне тоқталды.
Еркінбек Бейсенбекұлы жиналыста бастауыш ұйымның жаңа төрағасын сайлау жөнінде өзінің ұсынысын айтты. Ол бұл қоғамдық қызметке облысқа белгілі азамат Рахматілда Сегізбайұлы Рахманбердиевтің кандидатурасын ұсынды. Ұйым мүшелері Рахматілда Сегізбайұлын бірауыздан төрағалыққа сайлады.
Рахматілда Сегізбайұлы ұйымның жұмысын жандандыратынына сені-міміміз зор, оның іскерлігі, жұмысқа деген жауапкершілігі жоғары, тәжі-рибесі мол азамат екенін білеміз.
Ол көп жылдар бойы басшылық мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарды. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы қиын жылдарда аудан әкімінің орынбасары, облыс әкімдігінің басқарма басшысы, облыс әкімі аппаратының басшысы, аудан әкімі қызметтерін мінсіз атқарды.
Рахматілдә Сегізбайұлына жаңа қоғамдық қызметінде табыс тілейміз.
Облыс әкімдігі бастауыш ұйымының есеп беру – сайлау жиналысына облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Серік Құрманбеков қатысты.
Қасымхан Төлендиев,

Обсудить
Блок в статье:
АРДАГЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ДОДА
16 декабрь 2024, Понедельник
Баталы елге - бақ қонар
16 декабрь 2024, Понедельник
«Елім деп соғады жүрегім» атты кездесу өтті
16 декабрь 2024, Понедельник
Похожие материалы:
Комментарии (0)