
Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылдық округіндегі Ақтоған, Күркіреусу ауылдарының ардагерлер цехтық ұйымында есеп беру жиналысы болды. Жиналысқа Ақтөбе ауылдық округі әкімі Ғ. Жақыпбеков және Ақтөбе ардагерлер ұйымының төрағасы Тәжіханов Жақаш қатысты.

Әртүрлі сұрақтарға жауап берілді. Есеп беру жиналысында ауылда жасалынып жатқан біршама жұмыстары талқыланды. Цех ұйымының жұмысын қанағаттанарлық деп бағалап, цехтық ұйымының төрағасы болып Айқожаев Сейсен қайта сайланды. Күркіреусу ауылының цехтық ұйымнда ардагерлердің азайыуына байланысты цехтық ұйым Ақтоған ауылының цехтық ұйымына қосылды.