Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ, СЫН - ЕСКЕРТПЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР САРАЛАНДЫ, СЫН - ЕСКЕРТПЕЛЕР АЙТЫЛДЫ

29 август 2024, Четверг
52
0
Бүгінгі қазақ қоғамында халық пен биліктің арақатынасында алтын көпір қызметін ардагерлер ұйымдары абыроймен атқарып жатыр деп айтуға толық негіз бар. Бейнелеп айтсақ, халық – киіз үйдің керегесі, билік – шаңырағы болса, ақсақалдар сол аралықты жалғайтын уық дер едік. Жас буын қашанда қариясына қарап өсіп, бой түзеген. Сол үлкендерге ұйытқы болып отырған ардагерлер ұйымдарының ел ішінде араласпайтын мәселесі жоқ десек қателеспейміз.
Оған мысал, қазір кез-келген қала, ауылдардағы үлкенді-кішілі мекемелердегі ардагерлер ұйымдары жоспарлы, белсенді қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда бастауыш ардагерлер ұйымдарында елдіктік, бірліктің сан қырлы өзекті мәселелері талқыға түскен есеп беру-сайлау жиналыстары зор белсенділік жағдайында өтіп жатыр.
Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінде бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы жоғары деңгейде өтті. Бастауыш ардагерлер ұйымында атқарылған жұмыс туралы ұйым төрағасы Күлжан Керменбаева баяндама жасады. Сондай-ақ «Қазақстан аналары – дәстүрге жол» жобасының мүшесі Б.Жалбиева, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Л.Ералиева, ардагерлер Х.Құрбанов, Б.Қожамқұлов, Л.Н.Ли бастауыш ұйымының жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Әбдікешова және облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы билер кеңесінің төрағасы О.Есіркепов атқарылып жатқан жұмыстарға оң баға беріп, алдағы уақытта ұйым жұмысынын іс-тәжірибесін басқа бастауыш ұйымдарға тарату керектігіне назар аударды. Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып К.Керменбаева қайта сайланды. Байзақ ауданы Сарыкемер ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының есеп беру-сайлау жиналысы болып, оған осындағы белсенді ардагерлер, аналар, билер кеңестерінің мүшелері,облыстық «Ғұмыр - Дария» газетінің директор - бас редакторы Жаңабай Миллионов, «Аманат» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы И.Спаналиева қатысты. Сарыкемер ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділхан Омаров 2023- 2024 жылдарда атқарылған жұмыстары туралы есебін берді. Жарыссөзге ардагерлер Қ.Оралов, Қ.Нарбатыр, Ш.Қапарова, М.Болатбековтер қатысып, ардагерлер кеңесінің жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Есеп беру- сайлау жиналысында бастауыш ардагерлер кеңесінің жаңа құрамы және төрағалыққа Әділхан Омаров қайта сайланды. Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымында есеп берусайлау жиналысы өтті. Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Ә.Ахметов екі жарым жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ардагерлердің ұйымдастыруымен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауыл ардагерлерінің аудандық, облыстық спорттық спартакиадаларындағы ерекше жетістіктерін атап өтті. Жарыссөзде сөйлеген ардагерлер Б.Байулиев, Б.Айдарбеков, С.Оспанов, Ж.Бөрібеков ауылда көптеген игілікті істердің атқарылғанын атап өтіп, кеңес жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді. Жиналысқа облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық "ҒұмырДария" газетінің бас редакторы Ж.Миллионов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сырлыбаев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Б. Саршаев қатысып сөз сөйлейді. Бесағаш ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағалығына қайтадан Ә. Ахметов сайланды.

Бұған дейін Гродиково бастауыш ардагерлер ұйымына қарасты Алатау, Достық, Қызыл-Дихан ауылдары цехтық ардагерлер ұйымдарында өткен есеп беру-сайлау жиналыстарында сайланған делегаттар округтік ардагерлер кеңесінің есебін тыңдады. Ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Асанов 2022-2024 жылдары аралығындағы атқарылған жұмысы туралы баяндады. 28 этнос өкілдері тұратын тату- тәтті өмір сүріп жатқан ауылдың ақсақалдары көптеген игілікті істерге мұрындық болуда. Ауыл ардагерлерінің ықпалымен күрді ағайындардың балалары да әскер қатарына баратын болды. Соңғы екі жылдың ішінде 36 күрді жастары Отан қорғауға ниет білдіріпті. Жарыссөзде сөйлеген ардагерлер Ф.Берсенқұлова, А.Еркешова, Ә.Күшеков, Ш.Аметқұлов ауылдық округ ардагерлер кеңесінің жұмысына оң баға берді. Жиында сөйлеген облыстық ардагерлер кеңесінің төралқа мүшесі, облыстық "Ғұмыр Дария" газетінің бас редакторы Ж.Миллионов, Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Сырлыбаев ардагерлер үлкен күш екенің атап өтіп, еліміздің, ауылдың өркендеп өсуіне өз үлестерін қоса беруіне тілек берді. Жиналысқа, сондай-ақ аудандық билер кеңесінің төрағасы Б.Саршаев, аудандық ардагерлер кеңесінің хатшысы С.Күзербаев, ауыл әкімінің міндетін атқарушы Р.Исаев қатысты. Жиналыста Гродикова ауылдық округі ардагерлер кеңесінің құрамы 7 адамнан сайланып, кеңес төрағасы С.Асанов, орынбасары А.Есеқұлов, хатшысы Р.Нұрышова сайланды.


Жуалы ауданындағы Боралдай ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымында 2022-2024 жылдары атқарған жұмыстар кеңінен талқыға түсті. Жиналысқа округтің ардагерлері, мекеме басшылары және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Абуғали Ералиев, аудандық билер кеңесінің төрағасы Мұратқали Рахметов қатысты. Ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсатбек Байболов есепті баяндама жасап, жарыссөзде 3 ардагер сөйлеп, кеңестің атқарған жұмыстарына қанағаттандырарлық деген баға берді. Жиналыста бастауыш ардагерлер ұйымының кеңес мүшелері 5 адамнан сайланып, кеңестің алғашқы отырысында барлық ардагерлердің катысуымен ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Мақсатбек Байболов қайта сайланды. Ал, Талас ауданы Қаратау қаласы бастауыш ардагерлер ұйымында өткен есеп беру-сайлау жиналысында бастауыш ұйым төрағасы А. Байходжаев атқарылған жұмыстар туралы есебін берді. Жиналғандар қалалық ардагерлер ұйымының жұмысына оң бағасын беріп, А. Байходжаевты төрағалыққа қайта сайлады. Есеп беру-сайлау жиналысына аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов қатысып, сөз сөйледі. Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы Көкдөнен ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымында да есеп берусайлау жиналысы болып өтті. Бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Кәрбоз Ағыбаев атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Жиналыста кеңес құрылымы қайта жасақталып, Кәрібоз Ағыбаевқа ардагерлер сенім көрсетіп, қайта сайлады. Жамбыл ауданындағы бастауыш ардагерлер ұйымдарында да есеп беру-сайлау жиналыстары зор ұйымшылдықпен өтуде. Жалпақтөбе ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымында болған жиында ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Абдухалил Маюфи, Тоғызтарау ауылдық округінде болған жиында ұйым төрағалығына Кеңдебай Оңғарбаев таңдалды. 47 ардагер, ауылдық округ әкімі мен мекеме басшылары қатысқан Айша бибі ауылдық округі бастауыш ардагерлер ұйымының кеңес құрамы 9 адамнан іріктеліп, кеңестің алғашқы отырысында барлық ардагерлердің қатысуымен ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Жарқын Қалыбаев сайланды. Сондай-ақ, Ақбұлым ауылдық округінің ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Мараталы Төлебеков, Ақбастауда өткен есеп беру-сайлау жиналысында ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Елепбай Атамбаев сайланды

Қордай ауданы бойынша 44 бастауыш ардагерлер ұйымында есеп беру-сайлау жиналыстары өтті. Онда қарияларымыздың әртүрлі деңгейде, сан алуан салада қыруар қоғамдық жұмыстар атқарып жатқандығы айтылды. Ең әуелі бастауыш ардагерлер ұйымдарының өз қызметін ойдағыдай қамтамасыз етуіне ауылдық округтер әкімдіктері, мемлекеттік құрылымдар және қоғамдық ұйымдар қолұшын беріп келеді. Сол ықпалдастықтың арқасында жүйелі жұмыстар жүргізілді. Қаракемер ауылдық округі ардагерлер ұйымында өткен есеп беру-сайлау жиналысында Керу ауылының жол мәселесі көтерілді. Ал, Қарасай, Еңбек ауылдарындағы есепті жиындарда ұйым жұмысының ұйымдастырылу деңгейіне көптің көңілі толмады. Тура осындай мәселе Алға ауылдық округінде де көтерілді. Белсенділік төмен. Ауылдықтардың айтары көп. Әлжан ана ауылында қоқыс жинау мәселесі көтерілді. Ноғайбай, Сарыбастау,Шарбақты ауылдарында өткен жиналыстарда ардагерлер ауыз су мәселесін ортаға салды. Ауданнан сайланған депутатты танымайтындықтарын да сөз етіп қалды. Жамбыл, Жаңатұрмыс ауылдарында жаназалалардағы рәсімдердің бәсекеге айналмауын реттеуді айтса, Сарыбұлақ, Қайнарда ұлтаралық қатынастарды реттеу, тәртіптке келтіру қажеттігі тілге тиек етілді. Зейнеткерлерді шипажайға жіберу, ауыз су мәселесі Бетқайнар, Соғанды ауылдарында да көтерілді, Қарасу, Қақпатас, Кенен, Отар, Сұлутөр, Ауқатты ауылдарында малдарды трассаға шығармау, пойыз жолға көпір салу, ауыз су, тоспа салу, зейнетақы мен жәрдемақыларды алу үшін пошта ғимараттарының жұмыс жасауы секілді бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Сонымен қатар Сортөбе, Масаншы, Степной ауылдық оркугтеріндегі ардагерлер ұйымдарында да есеп беру-сайлау жиналыстары өтіп, бірқатар сын-ескертпелер айтылды. Ардагерлер көше тазалығы, жол мәселесіне, жарық, су, тәртіпке баса назар аударды. Жоғарыда аталып өткен барлық округтерде ардагерлер облыс қарияларының жоғын жоқтап, барын көпке жария етіп отырған «Ғұмыр - Дария» газеті туралы жылы пікірлерін білдірді. Жалпы 3 шілдеден бастап Қордай ауданында бастауыш ардагерлер ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстары бекітілген кестеге сәйкес өтті. Жиналыстарға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет, төралқа мүшелері Құрманбек Әлімжан, Дүкенбай Сегізбаев, Сейсенбай Сайбиров, Роза Қағазбай қатысып қайтты. Жиналыстарда айтылған сын ескертпелер назарға алынып, алдағы уақытта жоспарлы жұмыстар атқарылатын болады.
Обсудить
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры