Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Жаңа төраға сайланды

Жаңа төраға сайланды

28 август 2025, Четверг
111
0

Жақында Қарасаз ауылдық округіндегі бастауыш ардагерлер ұйымының жалпы жиналысы болып өтті. Басқосуда бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Сағындық Тоқбергенов биылғы жылы алғашқы жартыжылдықта атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.
Төраға өзінің сөзінде Қарасаз ауылдық округінің соңғы жылдары дамудың даңғыл жолына түскендігін атап көрсетті. Ауыл қариялары атқарылып жатқан жұмыстардан ешқашан шет қалған емес. Жақсы істердің басында үнемі ардагерлер жүреді. Белсенді ардагерлеріміздің бастамасымен қолға алынып жатқан жұмыстар баршылық. Ауыл халқының бірлік-берекесі артуда, ынтымағы нығаюда. 
Сөзінің соңында денсаулығына және отбасылық жағдайына байланысты бастауыш ардагерлер кеңесі төрағасы қоғамдық қызметінен босатуын сұрады.
 Жиналыста аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Шерелханұлы Жұмашев сөз сөйлеп, Сағындық Тоқбергеновтің 14 жылдай бастауыш ұйымының төрағасы қызметін абыроймен атқарғандығын атап көрсете келіп, Қарасаз ауылдық округінің дамуына, ардагерлердің жағдайын дұрыстап, ел бірлігін сақтап, жастарға тәлім-тәрбие берудегі қоғамдық  жұмысын жоғары бағалап, ризашылығын білдірді. Үстіне шапан жауып, құрмет көрсетті.  
Бастауыш ардагерлер ұйымының жалпы жиналысында ұйымдастыру мәселесі қаралды. Бастауыш ардагерлер ұйымы төрағасының лауазымына Жұмат Сейітнәсімұлы Баетов ұсынылып, бір ауыздан сайланды, сонымен қатар ардагерлер кеңесінің мүшелері жаңа белсенділермен толықтырылды. 
Жұмат Сейітнәсімұлы Баетов 1962 жылы 18 қаңтарда Жуалы ауданы, Тасбастау ауылында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі арнаулы орта, мамандығы құрылысшы. Белсенді ардагер, ел арасында беделі жоғары, ұйымдастырушылық қабілетімен тұрғындар арасында кеңінен танымал. Ауыл ардагерлері Жұмат Сейітнәсімұлына бірауыздан сенім білдірді. 
***
Нұрлыкент ауылдық округінің бастауыш ардагерлер ұйымында да ардагерлердің жалпы жиналысы болып, онда ұйымдастыру мәселесі қаралды. 
Осы уақытқа дейін бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы болып қызмет атқарып келген Назар Қалдан отбасылық жағдайына байланысты қоғамдық қызметінен босату туралы өтінішін айтты. 
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Шерелханұлы Жұмашев Қалдан Назар 2017 жылдан бері бастауыш ұйымының төрағасы қызметін абыроймен атқарып келгендігін айта келіп, ұйым мүшелері атынан оған ризашылығын білдірді. Қазақы дәстүрмен үстіне шапан жауып, құрмет көрсетті.  
Бастауыш ардагерлер ұйымының жалпы жиналысында ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы болып ардагер Қалмұрат Демеусінов бірауыздан сайланды.

Зайра МАРХАБАЕВА, 

Жуалы ауданы
Обсудить
Блок в статье:
Жасампаздық жаршылары 01 июль 2026, Среда
СЕЙТҚАЗЫ ҚАЖЫ – ЖЕҢІМПА3! 30 июнь 2026, Вторник

Похожие материалы:

Есеп беру
19 август 2024, Понедельник
Есеп беру
Қариялар жиыны жалғасуда
20 август 2024, Вторник
Қариялар жиыны жалғасуда
Жиналыс
19 август 2024, Понедельник
Жиналыс
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры