Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » Қоғам » Мерекеге орай құрмет көрсетілді

Мерекеге орай құрмет көрсетілді

12 май 2025, Понедельник
7
0
ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 80 ЖЫЛ: 
Биыл адамзат тарихындағы ең қасіретті Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Сұрапыл соғыста қаншама адамның өмірі қиылды. Жеңістің 80 жылдығын атап өту тек тарихты еске алу емес, оның зардабын ұғынып, сабақ алу арқылы бейбітшіліктің қадірін түсіну. 
«Ұлы соғыс, Ұлы ерлік, Ұлы Жеңіс» тақырыбында өткен конференция соңы марапаттау рәсіміне жалғасты. Онда аудан әкімі Олжас Баққараев шара қатысушыларын мерекемен құттықтады. 
«9 мамыр - Жеңіс күні» мемлекеттік мерекесіне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы бойынша «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалімен бір топ тыл ардагерлерін марапаттады. Сонымен бірге, «7 мамыр - Отан қорғаушы күні» және «9 мамыр - Жеңіс күні» мемлекеттік мерекелеріне орай, еліміздің бейбіт өмірі мен болашағы үшін жасаған еңбегі, әскери қызметке қосқан үлесі үшін бірқатар сала қызметкерлері Жамбыл облысы әкімінің Құрмет Грамотасы және Алғыс хатына, антына адал қызмет атқарғаны үшін бірнеше азаматтар Байзақ ауданы әкімінің Грамотасы, Алғыс хатына ие болды.
Шара соңы аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйі қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты. Бүгінгі мерекелік шара Ұлы Отан соғысында құрбан болған аталарымыз бен әкелеріміздің, мәңгі жас болып, жадымызда сақталған жауынгерлер мен офицерлер рухына, бейбіт кезеңде дүниеден өткен ардагерлерге, бүгінде ортамызда жүрген Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне және бүгінгі күннің батырларына айналған Отан қорғаушыларға, әскери қызметкерлерге арналды.

Байзақ Ауданының Әкімдігі

Обсудить
Блок в статье:
ТЫЛ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ АҒАШ ОТЫРҒЫЗДЫ 12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді 12 май 2025, Понедельник

Похожие материалы:

Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
12 май 2025, Понедельник
Мерекеге орай құрмет көрсетілді
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры