Телефоны для связи:
(777) 111-11-11
(777) 111-11-11
Демонстрационный сайт » АБАЙ – ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАС РУХАНИ ӘЛЕМІ

АБАЙ – ХАЛЫҚТЫҢ БІРТҰТАС РУХАНИ ӘЛЕМІ

29 сентябрь 2024, Воскресенье
53
0

Мен сол міндетті орындап, ”Абай азат ойшыл” деген мақала жаздым (қолжазба 186 бет) Данышпан Абайға ерекше тоқталғаным Абайдың «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» деген қағидасы болды... Әсіресе ”Абай азат ойшыл”, ”данышпан Абай” дегенім көп адамдарға, әсіресе өзінен басқаға қарауға жағдайы жоқ жандардың жүрегіне ауыр тисе керек. Осы жағдайды түсінген соң мен айтылған қолжазбаның көшірмесін Абай музейіне жібердім. Түпнұсқасын өзімде қалдырдым. Соны қазір қайта қолға алып отырмын. Менің ұғымымда Абай ұлы данышпан, қазақтың ақылшысы, ұстазы, досы, халқымыздың тірегі, сенімі, ар-ынсабының әділ таразысы. Абайтану ісіне, оның өзі айтқандай, қырын, қиғаш келмей, тура келу, сыңаржақтамай, айла-қалтқысыз, әділ жүрекпен, таза ниетпен кірісу керек. Адаспай туралық іздеген хакімдер болмаса, дүние ойран болар еді. Абай қағидасын осы тұрғыдан түсінсек дейміз. ...Бірде жыр алыбы Жамбылдан: «Абайдың ақындығына байланысты қандай пікір айтасыз», – дегенде ХХ ғасырдың Гомері атанған ұлы жырау: «Абай – ақын емес, пайғамбар», – депті. Жыр алыбының «пайғамбар» деп айтатыны хадисте: «Ғұламалар – пайғамбардың мұрагерлері», – деп жазылған. Біздіңше ұлы жырау хадистегі осы сөздерге сүйенген болуы керек. Демек, Абай хақ Елшісінің (с.у.с.) мұрагері болды. Сол кездегі замандастары Абайды хәкім, хәкім ақын деген. Хәкімдік қабілет қашан да болсын адамды әділеттілікке, тұғырлы іс-әрекеттерге, білімге, ғылымға, өнер үйренуге бар күшін жұмсайды. Абай хадистерді тек жадына сақтап қана қоймай, тереңіне үңіліп, қарасөзбен де, өлеңмен де өзіндік төл тіліне айналдырып, жаңаша өзіндік болжамдар жасап халыққа жеткізген. Абай Құнанбайұлы патша өкіметі уақытында, қазақты иман аясынан бездіру саясатында өмір сүрді. Сонда да, Абай саясаттан алыстап кетпей, қайта, хадис тереңінен тамыр тартып, ақыл сынына салып, әлемдік талабымен ұштастырып, елді басқару үлгісін, өзінің қиын-қыстау өмір сүрген қоғамына астарлап, өзіндік төл тілінде жеткізген. Өстіп, жоғарыдағы хадистерге сүйенсек, Абай хақ Елшісінің (с.у.с.) мұрагері болған. Хәкімдік қабілет мұсылмандықтың ақылмен тіреп алатын ақидасы – ол білімге, имандылыққа, тұғырлы еңбекке бастайды. Әлбетте, мұсылмандықтың туын берік ұстауға негіз болатын Құран Кәрім мен хадис екені даусыз. Құранды көп оқылатын кітаптар қатарына жатқызуға болады. Неге десеңіз, Құран Кәрім кітапты оқудан ешбір адам жалықпаған. Жеке өз басым 1996 жылдан бастап, бүгінге дейін қазақ тіліне аударылған Құран Кәрім кітабын қайталап оқумен келемін. Бұдан менің аңғарғаным – ұлы Абайдың данышпан атанғаны, адамзатына ортақ ақындығы, кемеңгерлігі, ойшылдығы аят-хадистерден тамыр таратқан өлеңдері мен қарасөздерінің көп екендігінде. Бұл бір. Екіншіден, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін ой көзімен салыстырар болсақ, уысқа түспей жүрген көп жайттарды түсінуіңіз оңай болады. Үшіншіден, Абайдың адамдарды жақсылық жолына шақыруы мұсылмандықтың үш парыз талабын орындағаны. Осыдан Абайдың даналығы да, кемеңгерлігі де, адамсүйгіштік қасиеттері де байқалады. «Мұсылмандықтың үш парызы: Білім-ғылым үйреніп, Алла Тағаланы ақылмен тану, адамдарды жақсылық жолына шақыру, адамдарды жамандықтан жақсылық жолына қайыру. Осындай үш парыз талабынан бастау алған Абайдың имандылыққа қатысты өлеңдері мен қарасөздері – біртұтас халықтың адамгершілік тұрғысынан, кісілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін зор даналық ойлармен ұштасып жатыр. Қазіргі педагогика мақсаттары – ізгілікті, инабатты, рақымды, талапты, талантты, жан-жақты дамыған адам тәрбиелеу болса, дәл бүгінгі таңда жастардың бойына Абай қалдырған аманатты сіңірудің маңызы зор. Абай педагогика, психология ғылымдарының негізімен айналысып, арнайы ғылыми еңбектер жазбаса да, ақынның өлеңдері мен қарасөздері адам жанына терең үңіліп, жүрек түкпірінде иманды, ар-ұятты дәріптеген. Абайдың 38-қарасөзінде; «Тіл жүректің айтқанына көнсе – жалған шықпайды»,– деген сөзі қанша дәуір өтсе де маңызын жоймайды. Сөйтіп ұлы ойшыл асыл қасиеттер – мейірім, рақым, әділет, шафағат, ар-ұяттың құтты мекені – жүректе екенін еске салады.Дәл бүгінгі елдің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыпына, мәдени нормаларына сәйкес табиғи діни сана қалыптастырудың бірден бір бастау көзі – Абайдың имандылыққа қатысты өлеңдері мен қарасөздері десек қателесе қоймаймыз. Қазіргі білім-ғылым ғасырында Абай ұстанымындағы имандылық мәселесі дінді бөлуге емес, қайта біріктіруге және дінді таныптүсінуге кең мүмкіндік ашады. Өткен екі мыңжылдықтың соңында табылған үйреншікті төрт деңгей (сұйық, газ, қатты, плазмалық) болса, қазір «Жаратылыстану» ғалымдарының зерттеулері тағы да үш деңгейге көтерген. Олар: энергоақпараттық өріс, физикалық вакуум және абсолют «ештеңе емес». «Абсолют» яғни, Жоғарғы САНА, Жаратушы, Құдай, Рахман,Тәңір, Рух т.б. Мұндай ақпараттарды көптен келтіруге болады. Бұрындары ғылым дегенде гуманитарлық «Жаратылыстану» құндылықтарын ойлайтынбыз, дәл сол сияқты сыныпта білім-ғылым үйрену, тәрбие, оқу алатын құндылықтарды түсініп келгеніміздің бәрі материалистік бағытта болған. Материалистік танымда бүгінгі дүниедегі күллі мағлұматтар сырлары аят-хадистерден бастау алған. Сондықтан қазіргі білім және ғылым үйренумен бірге имани ұстанымды орта сыныптың оқушысына жеткізу, аят-хадисте айтылатын терең құпия сырларына жақындату, оқушының руханият қазынасын кеңейтеді, әлемдегі тыныс-тіршіліктерден хабардар етеді. Абай мұрасындағы имандылықтың, тәлімгерлік – адамды жамандықтан, шексіз биліктен, нәпсі құмарлықтан алыстатады. Адамзаттың екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби: «Адамға тәрбие бермей тұрып, білім мен ғылымға үйретсең, ол жүрген ортасына апат әкеледі»,- деген сөзін осы арада келтіре кетудің еш артықшылығы жоқ. Осы даналық сөздің мән-мағынасының астарына барынша тереңірек үңілетін болсақ, білім және ғылыми тұрғыдан имани ұстанымды оқушыға жеткізе алсақ ақыл-ойдың қуатын қоғам игілігіне пайдалануға әбден болады. Адам бойында ұялаған рух пен иман адамдықтың тәрбиелік орнын басты орынға шығарады. Енді осы пайымымызды Абайдың қарасөзімен жеткізетін болсақ: «...Адам баласы бір-бірінен ақыл, ғылым, ар-мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық» деп түйіндеуге болады. Абай қарасөзінде «ақыл, ғылым, ар-мінез деген нәрселермен озады» дегенінің табан тірерінде – иман жатыр. Имансыз адам білімді де, ғылымды да, ақылды да, ар-мінезді де тоздырады. Бүгінде пайдалы білімсіз, тұғырлы еңбексіз миллиардер болдым деп жүргендер Абай сөзімен айтқанда: «...бәрі ақымақтық». Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған ақын, ағартушы Ыбырай Алтынсариннің «Кел балалар, оқылық» деген өлеңде: «Бір Аллаға сыйынып, Кел балалар оқылық...», – деуі де білімғылым үйренумен бірге оқушыны иман аясына жетелеу жатыр. Данышпан Абайдың ұлы мұралары бүгінде дүниеге танылып, әлемді шарлауда. Бүгінгі жастар үшін нағыз Абайды, дана Абайды қайта танып, онымен жақынырақ қауышу керек деп ойлаймын. Өйткені, бұрындары оқулықта Абай, мектепте ең ұзағанда үстем таптарды, адам құқын бұзушыларды, өз заманының кемшіліктерін сынаушы, жүрегі «у мен зарға толы» бір жақты Абай болды. Енді, «сыншыл» Абайдың тарихи алтын тұлғасының имандылық қырына көз салып, тереңіне үңіліп, өскелең ұрпаққа білім және ғылымға үйретумен бірге имандылыққа жетелеу бүгінгі қоғамдағы басты рухани шаруамыз болуы керек. Әрине, осыларды танып-түсінуге бұлтартпас білім қажет.
Әбсамат ШОНАБАЕВ, ішкі істер қызметінің ардагері БІРТҰТАС РУХАНИ ӘЛЕМІ (Соңы. Басы газетіміздің өткен санында
Обсудить

Похожие материалы:

⚜️ "АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА"
11 август 2024, Воскресенье
⚜️ "АБАЙ-ДАНА, АБАЙ-ДАРА ҚАЗАҚТА"
ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ
14 август 2024, Среда
ӘСЕРЛІ КЕЗДЕСУ
Добавить комментарий
Комментарии (0)
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Сотрудники
Партнеры