Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – ұран
Оның есімі әдемі әрі сирек кездесетін ат – Сәрінжі. Менің анам Гүлсара Төреқұлованың жалғыз бауыры. Сәрінжі 1918 жылы туған. Ашаршылық жайлаған 1932-1933 жылдары Сәрінжі мен қарындасы Гүлсараны аудан орталығы Меркі ауылындағы балалар үйіне алып кетіпті.
Ол сабақты жақсы әрі ынта-ықыласымен оқыды. Меркідегі балалар үйінің жолдамасымен Түркістан педагогикалық училищесін «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп шықты. Училищені бітірген соң Меркі ауданындағы «Ойтал» жетіжылдық мектебіне директор әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болды.
20 жасар Сәрінжі 1939 жылы жаңа жазу – кириллицаны меңгерген аз ғана қазақтардың қатарында болды. Партияның «...1940 жылдың 1 желтоқсанынан 1941 жылдың 8 қаңтарына дейін (38 күннің ішінде) барлық түрдегі мектептердің мұғалімдерін (қазақтарды) кирил-лицаға оқытып шығару» жөніндегі тапсырмасын Меркі ауданында Сәрінжі Төреқұлов сияқтылар тез-ақ орындады.
1941 жылы сауатты, орыс және қазақ тілдерінің мәнерлерін терең де таза меңгерген, заңдарды білетін азаматты судьяға үміткер етіп жұмысқа қабылдап, соңынан Меркі ауданы сотының судьясы етіп тағайындады. Жергілікті атқарушы билік оған көлемі 70 соттық жер телімін бөліп берді. Бұрын бұл көпес Қарабайдың жері болатын. Бұзылған үйдің орнында қалған орасан зор саз балшықтың үйінділері мен өзбекше үлгіде соғылған дуалы және тапшаны бар бір бөлмелі шағын үй есімде қалыпты. Маңдайшада бөденеге арнап жіптен тоқылған кішкентай тор ілінген. Кейін бұл жер Рысқұлбековтердің отбасылық ұясы болды.
2018 жылы 30 наурызда таңғажайып оқиғаны бастан кешірдім. Жетінші шағын аудандағы Абай атындағы кітапханадан қайтып бара жатқанмын. «Облыс әкімдігі» аялдамасына келгенде күтпеген жерден қоғамдық көліктен түстім де, көшені кесіп өтіп, облыстық мұражайға кірдім. Нағашымның атын, тегін, майданға шақырылған жерін айттым. Маған мұражайдың кітабындағы жазуды көрсетті, онда Торекулов Саренте (таңданбаңыз, соғыс жылдарында көптеген есімдер орыс тілінің ыңғайымен жазылатын) майданға 1942 жылдың 30 наурызында 24 жасында шақырылғаны жазылыпты. Яғни 76 жылдан кейін тура ол кісінің туған күнінде Жаратушы мені осындай қадамға басап, мен анамның жалғыз ағасын іздеу үшін кішкентай ғана ілік таптым.
Сәрінжі қай майданда шайқасты? Іздеуді «Халық жады» сайтынан бастадым, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Орталық мұражайына сұраныс жасадым. Меркі аудандық әскери комиссариатының мұражайынан Сәрінжі тәтеммен бір күнде майданға шақырылған меркілік жерлестердің аты-жөндерін жазып алып, олардың майдан жолдарын зерделедім, әлеуметтік желілерге сұраныстар жібердім. Ізденіс нәтижелері Ленинград майданына жетеледі...
Бірақ тығырыққа тірелдім. Енді сұрайтын ешкім де қалмапты. «Неге Ленинград майданы?». Роза әпкемнің есінде қалғандай, егер оның Сталинград шайқасында алған төс белгілері болса, неге және қалайша Сәрінжі тәтемнің майдан жолы басқа жаққа бағытталады?
Төрт жылдан соң, майданда қайтыс болған жерлес жауынгерлерді іздестіру кезінде, Мәскеу қаласындағы Асылбек Төлеш басқаратын қазақ жерлестер ұйымының көмегімен құнды ақпарат табылды. Сәрінжі тәтем Сталинград майданында 212 атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан.
Жауынгер Сәрінжі қатарында болған Брянск майданының 212 атқыштар дивизиясының әскери қосалқы атқыштар полкының 1942 жылдың сәуір айынан 1944 жылдың 3 сәуіріне дейінгі кезеңдегі шайқас жолдарын зерделедім. Укипедиядан: «...Брянск майданы 1942 жылдың қысы мен көктемінде немістердің жазғы шабуылдарына тойтарыс берді. Сталинград шайқасының қорғаныс кезеңінде әрбір майдангерден «отан тағдыры оның табандылығымен, қаруымен шешілетінін түсіну» талап етілген мерзімде басты назар үгітшілердің жауынгерлермен окоптарда жүргізетін әңгімелеріне бағытталды» деген ақпарат оқыдым.
Майдангерлердің естеліктерінен: «Майдан 40-шы армияның басым бөлігімен бірге қоршауда қалды және орасан шығынға ұшырады. Ең бастысы – винтовкалар жетіспеді, 6-8 адамға бір қарудан келеді. Жауынгерлердің қалғандарынан Дон өзенінің шығыс жағалауына өткенге дейін әрбір 30 секунд сайын бір қызыл әскер қаза тауып жатты.
1943 жылдың басында Брянск майданының жауынгерлері Воронеж – Касторненск операциясына (24 қаңтар – 2 ақпан) қатысты, нәтижесінде 2-ші неміс армиясының және 2-ші венгер армиясының 3-ші әскери корпусының негізгі құрамдары талқандалды. » деген сөздерді оқыдым.
212 атқыштар дивизиясының ар-дагер жауынгерлерінің естеліктерінен: «...Зеңбірекпен жаппай атқылаған кезде адамдардың денелері, қолдары, аяқтары топырақпен бірге ауаға ұшып жатты. Біз де аз шығынға ұшыраған жоқпыз... Ауыр шайқастың нәтижесінде біздің 212-ші атқыштар дивизиясы соғысқа жарамсыз деп табылып, таратылды» дегенді оқып білдім.
Кеңес әскерлерінің шығыны қаза тапқандары, жараланғандары және хабарсыз кеткендерімен қоса есептегенде 45000 адамнан асты.
212-ші атқыштар дивизиясын қайта құру сол жылы, 1943 жылдың жазында басталды.
Осы қанқасап шайқаста әлдебір таңқаларлық жағдайда, аз ғана жанға тірі қалудың сәті түсті...
Қорғаныс министрлігінің Орталық мұражайының деректеріне сүйенсек: «Төреқұлов Сәрінжі. Жараланған уақыты – 14.01.1943 жыл» жыл деп көрсетілген. Яғни тәтем осы күні жаралы болып, госпитальға жеткізілген. Сауығып шыққан соң қайтадан әскери саптан табылған.
1943 жылдың 23 сәуірінде Сәрінжі екінші рет жараланады. Емделіп шыққан соң өз дивизиясынан қалған әскери құрамаға қосылып, қайтадан Сталинград түбінде шайқасты.
Қатарында өзі шайқасқан 212-ші атқыштар дивизиясын екінші рет құрамдау 1943 жылдың шілдесінде басталды. Сәрінжі өз қаруластарымен бірге осы дивизияның қатарына келіп қосылды.
1944 жылы 3 сәуірде Беларуссияның Гомель облысы, Хойнин ауданы, Дубровица деревнясының жанындағы Горынь өзенінің жағасында ол кісі үшінші рет жараланады.
1944 жылы 5 сәуірде – жарақаттығы жөніндегі құжатта түбегейлі жазба жасалды:
"Тылға эвакуацияланды, ары қарай емдеуге жіберілді" – делінген онда. Және алты госпитальдың реттік сандары көрсетілген. Ұлы Отан соғысы кезінде емдеу жұмыстары мақсатты түрде эвакуациялай отырып, кезең-кезеңмен ем жасау негізінде жүргізілетін.
Қайтып келді! Соғыс бітпей Сәрінжі соғысты аяқтады! Тірі! Бірақ өте науқас. Төреқұл мен Анаркүлдің жалғыз ұлы. Оларды түсінуге болады. Олар ұрпақтың жалғасқанын барынша қалады. Соғысқа дейін оның Қанымкүл деген ұнатқан қызы болған еді. Жастарға арналып ауланың ішіне киіз үй тігілді. Емдік шөптермен, дәрілермен, дұғалармен емдеді. Ем-домның барлық түрі жасалды. Үш жарақат пен қабынған өкпеге жасалған емдер шипа болмады. Ата-анасының көз алдында қайтыс болды.
2022 жылы әжемнің жиені Айымкүлді тауып алдым. Күйеуге шыққанға дейін ол Меркідегі Төреқұлдың үйінде тұрған болатын, үлкен кісілердің Сәрінжі туралы айтқандары есінде қалыпты.
Соғыстан келген соң Сәрінжі тәтем көп хат жазған екен. Басында күн санап азайып бара жатқан қарулас достарына жазатын. Кейінірек командирлеріне (олар да ауысып отырған) жазды. Хаттар қаруластарының жауынгерлік рухын көтеру үшін қазақ тілінде үгіт парақшасы сияқты етіп жазылатын. Өз сөздерімен демеу беретін, үндеу сипатында көбінше патриоттық рухта өлеңдетіп жазатын. Борыш туралы, ерлік пен батырлықтың үлгілері жайында жазушы еді. Соғыс кезінің үшкіл хаттарының бетіне мекен-жайларды орыс тілінде, хат мәтіндерін латын әріптерімен жазатын.
Мұғалім болғандықтан ол майдангерлердің кириллицаға көшкен жаңа әліпбиді оқып үйренуіне үлгіре алмағандарын жақсы білетін.
Ағартушылық міндетін ол соңына дейін атқара білді...
Раиса РЫСҚҰЛБЕКОВА,
«Невада-Семей» Халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалысы» қоғамдық бірлестігі облыстық
филиалының директоры
Тараз қаласы.

Обсудить
Блок в статье:
Батыр Бауыржан
06 май 2025, Вторник
Саяхат
06 май 2025, Вторник
Ұлы Жеңіске - 80 жыл
06 май 2025, Вторник
Похожие материалы:
Комментарии (0)